Тоқаев Сингапурдың премьерімен кездесті

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес аясында Сингапур Премьер-министрі Ли Сянь Лунмен кездесті. Бұл туралы ел басшысы өзінің Twitter парақшасында хабарлады.

Тоқаев Сингапурдың премьерімен кездесті
Фото: Қ.Тоқаевтың Twitter парақшасынан
"Елбасы мен оның әкесі, марқұм Ли Куан Ю жақсы достар болған еді. Сауда-экономикалық, инвестициялық, қаржы және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығымызды нығайтуға уағдаластық", -деп жазды Қ. Тоқаев.