Қ.Тоқаев Ангела Меркельді құттықтады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ангела Меркельді Германияның Біріккен күні мерекесімен құттықтады,– деп хабарлайды Ақорда.

Қ.Тоқаев Ангела Меркельді құттықтады
©REUTERS

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Германияның Біріккен күні ұлттық мерекесімен құттықтап, Германия Федеративтік Республикасының канцлері Ангела Меркельге жеделхат жолдады. Бір халықты екіге бөлген Берлин қабырғасының бұзылғанына 30 жыл толуына орай жолданған жеделхатта, бұл бір мемлекеттің бірігуіне ғана емес, ажырап қалған отбасылардың, туған-туыстардың қайта қауышуына жол ашқаны жазылған.

«Бұл тарихи оқиға тек Еуропаның ғана емес, әлемнің тарихын өзгерткені сөзсіз. Осы жылдар ішінде Германия қалпына келіп, мемлекетті саяси, экономикалық, әлеуметтік жағынан дамытуда дүниежүзіне үлгі болды», – деп жазды Қ.Тоқаев.

Жеделхатта Қазақстан Президенті екі ел арасындағы ынтымақтастық барлық салалар бойынша жалғасын тауып, халықтар игілігі үшін одан әрі нығая беретініне сенім білдіреді.