Өркениеттер тоғысында орналасқан елміз

Газет мақаласы "Айқын" газеті №152

Қасым-Жомарт Тоқаев Ре­сей пре­зиденті Владимир Путиннің ша­қыртуымен жыл сайын өте­тін «Валдай» ха­лы­­қаралық пі­кір­­­талас клу­бы­ның XVI пле­нар­­лық сес­сия­сына қатысты. Әле­мнің он­даған елінен келген бе­делді сая­сат­керлер мен бел­гілі са­рап­шылардың, қоғам қай­рат­­­керлерінің басын қосқан биыл­ғы форум ғаламдық гео­сая­саттағы Шығыстың рөлі тақы­рыбына арналды.

Өркениеттер тоғысында орналасқан елміз

Мемлекет басшысы шараға қа­тысушылардың алдында сөйлеген сөзінде Қазақстан тарихи және географиялық орналасу жағынан Шығыспен де, Батыспен де бай­ланыс орнатқанын атап өтті.

– Біз исламдық, конфуциандық және шығысхристиандық өр­ке­ниеттердің тоғысында ор­на­лас­қанбыз. Ұлы Жібек жолы, Алтын Орда, еуразиялық өмір салты қа­зақтардың мәдени кодының не­гізгі бөлшегін құрайды, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президенттің айтуынша, «Азия ға­сыры» дегеніміз – халықтың өсу қарқыны, жалпы ішкі өнім, сау­да, өнеркәсіп және жоғары тех­нологиялық өндіріс.

– 2018 жылы әлемнің ең та­быс­ты 500 ірі компаниясының 210-ы азиялық болған. Азия ком­па­ниялары цифрлық техноло­гия­­лар саласында әлемдегі көш­бас­шылардың бірі саналады. Бұл құрлықтағы елдер ғаламдық жал­пы ішкі өнімнің 50 пайызын қам­тамасыз етіп, халықаралық сау­да мен инвестицияларды ын­та­ландыруда, – деді Мемлекет бас­шысы.

Баяндама барысында ғаламдық және аймақтық дамудың оң тен­­­­денцияларымен қатар, сын-қа­терлері де айтылды. Қасым-Жо­март Тоқаев Корей түбегі, Оң­түстік Қытай теңізі, Кашмир, Ау­ғанстан, Йемен, Сирия, Па­лес­тина-Израиль қақтығыс ай­ма­ғы, Иран мәселесі секілді көптеген ай­мақтағы қақтығыс ошақтары гео­саясаттағы «баяу жарылатын ми­наға» айналғанын айтты.

Қазақстан Президенті ай­мақ­тағы негізгі елдердің арасын­дағы бір-біріне деген сенім тапшы­лы­ғы, «қырғиқабақ соғыс» эле­мент­терінің қайта бас көтеруі, қақ­тығыстар, санкциялар мен се­німсіздіктерге жетелейтінін атады.

– Азиядағы қауіпсіздікті бөл­шектеуге қатысты тиімді фор­му­ла­лар іздеу қажет. Бүгінде әр­­­­түрлі екіжақты альянстар, аймақтық жә­не субаймақтық институттар «сая­сат көрпесін» өздеріне тар­туда. Қытай халқы айтпақшы, Азия­да «бір көрпенің астында жа­тып, әртүрлі түс көреді», – деді Мем­лекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қа­зақстан 2020-2022 жылдары Азия­дағы өзара ықпалдастық және се­нім шаралары жөніндегі кеңеске төрағалық ету барысында өзге де көпжақты институттармен бай­ланысты күшейтуді жоспарлап отыр­ғанын мәлім етті.

Қазақстан басшысының ай­туынша, климаттың өзгеруі де күн тәртібіндегі өзекті мәселе болып қала бермек.

– Ғаламдық жылыну мұздық­тар­дың еруін, шөлейттер мен то­пырақтың құнарсыздануын жыл­дамдатып жібереді. Осы­ған байланысты Азиядағы қақты­ғыс­тар таза ауызсу көздерін бақы­лауға қарай ойысуы мүмкін. Ал бұл Орталық Азия аймағындағы тұрақ­сыздық тудыруы ықтимал мәселенің бірі екені белгілі, – деп мәлімдеді Президент.

Мемлекет басшысы қақтығыс­тардың алдын алу мақсатында өзге мемлекеттермен және халық­аралық ұйымдармен жүйелі және бірлескен жұмыс жүргізуді дұрыс деп санайтынын айтты.

Сонымен қатар Қазақстан ЕАЭО аясында конструктивті жұ­мысты жалғастыра бермек.

– Конъюнктураның на­шарлауы­на байланысты туындаған қиындықтарға қарамастан, біздің ұжымдық бірлестігіміз беделді экономикалық ұйымға айналып ке­леді. Бұған ұйымның сауда әріп­тестік желісінің Сингапурдан Сер­бияға дейінгі кеңістікті қамтуы айқын дәлел, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Еліміздің бітімгершілік мә­се­лесіндегі ұстанымын айта ке­ле, Президент Қазақстанның ай­мақтық қақтығыстарды рет­теуде әділ арағайындықты жақ­тай­тынын айтты. Мемлекет бас­шысы Таяу Шығыс үшін, оның ішінде, Сирия бойынша Астана процесінде өміршең шешімдер із­дестіруге дайын әрі қолдауға әзір екенін мәлімдеді. Қазақстан соңғы айларда шиеленісіп кет­кен Ауғанстандағы жағдайды ба­қылауда ұстайды және көмектесуді жалғастыра береді.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­ның әрқашан қарусыздану мен сындарлы дипломатияны жақ­тайтынын атап өтті.

– Қауіпсіздік проблемаларын ше­шуде ұжымдық көзқарастарды сарапқа салатын алаң екенін дәлелдеген Азиядағы өзара ықпал­дастық және сенім шаралары жөніндегі кеңес зор рөл атқаруы мүмкін. Осы форумды толыққанды ұйымға айналдыру мәселесін талқылайтын уақыт келді,– деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Баяндамада Қазақстан қазіргі заманның сын-қатерлеріне төтеп беру қызметін жалғастыра беретіні айтылды.

– Қауіпсіздіктің сан қырлы қа­тер­лерін кешенді түрде шеш­пей, Азияның экономикалық ға­жайыбын жүзеге асыру мүмкін емес. Ұжымдасып әрекет етпесек «Азияның даму ғасырының» ор­нына бүкіл ғаламға кесірі тиетін кө­мескіленген «Азияның күңгірт күндеріне» тап болуымыз мүмкін, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ба­тыс­тың өзара іс-қимылынсыз Шы­ғыста тиімді қауіпсіздік ар­хи­тектурасын қалыптастыру мүмкін емес деп санайды. Осы орай­да ол Қазақстанның АӨСШК мен ЕҚЫҰ ұйымдарының мүм­кін­діктерін біріктіру туралы ұсы­ны­сын еске салды.

– Біздің аймақтағы ортақ жұ­мысымыздың негізгі бағыты тер­роризм және экстремизммен, ұйымдасқан қылмыспен, заң­сыз миграциямен, есірткі та­сы­ма­лымен күрес болуы ықтимал. Ал адами капиталды дамыту, мем­лекеттік басқарудың үздік үлгі­лерін енгізу, инновациялық мүм­кіндіктерді жетілдіру, су ре­сурстарын тиімді әрі теңдей пай­далану – біздің жасампаздық жолындағы да­муымыз­дың басты бағдары болуы тиіс, – деді Мемлекет басшысы.

Пленарлық сессия барысында Ресей президенті Владимир Путин, Иордания королі ІІ Абдалла, Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев, Филиппин президенті Родриго Дутерте сөз сөйледі.