Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға келді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтау қаласына жұмыс сапарымен келді.

Тоқаев жұмыс сапарымен Ақтауға келді
видеодан алынған кадр
"Президент мұнда қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, жазушы, қоғам және мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбайұлына қойылған ескерткіштің ашылу салтанатына қатысады. Сонымен қатар, жаңадан пайдалануға берілетін Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінің жұмысымен танысады", - деп жазды мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.