Ақордадағы жылы жүздесу
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Монғолияның тұңғыш президенті Пунсалмаагийн Очирбатпен кездесті. Кездесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Монғолия арасындағы жақын қарым-қатынасты және екі ел халықтарының тарихи тамыры ортақ екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Арысқа барды
«Апат айтып келмейді». Арыстағы бүгінгі алапат жарылыс ешкімді бейжай қалдырған жоқ. Бүкіл қазақстандықтар Арыс жұртымен бірге қамықты. Мемлекет басшысы да жағдайды өз көзімен көру үшін арнайы ұшып барды. Арыс қаласындағы эвакуациялық пунктке барып, Президент төтенше жағдай болған аймақтан көшірілген тұрғындарды орналастыру бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың барысымен танысты. Мемлекет басшысы қауіпсіз жерлерге көшірілген Арыс қаласының тұрғындарын ыстық тамақпен, медициналық жәрдеммен қамтамасыз ету, басқа да барлық қажетті көмек көрсетуді тапсырды.
Іс-қимыл Жоспары бекіді
Мемлекет басшысы өзінің сайлауал­ды тұғырнамасын жүзеге асыру жөніндегі іс-қимыл Жоспарын бекітті.
Айбынды жастарға үміт артамыз
Қазақстан Президенті – Қазақстан Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынының ашылуына қатысты. Мемлекет басшысы ұлттық жиынға қатысушыларды құттықтап, іс-шараның маңызын атап өтті.  
Тағайындау
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі қызметіне Асқар Жұмағалиевті тағайындады.
Президент тапсырма берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы ассамблеясы Төрағасының орынбасары Жансейіт Түймебаевты, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеттің ректоры Ақылбек Күрішбаев пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгіновті қабылдады.
Мемлекеттік күзет қызметі – маңызды ұйым
Қазақстан Президенті жеке құрамға Мемлекеттік күзет қызметінің жаңадан тағайындалған бастығы Әнуар Садықұловты таныстырды. Бұл жөнінде Президенттің баспасөз қызметі хабарлады.  
Президент Үкімет басшысымен кездесті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Маминді қабылдады. Мемлекет басшысына Үкіметтің әлеуметтік мәселелерді шешу бойынша қабылдаған шаралары  және бұрынырақ берілген тапсырмалардың орындалу барысы баяндалды.
Тағайындау
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Алик Шпекбаев Қа­зақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жем­қор­лыққа қарсы қызметтің) төрағасы, Анар Жайылғанова Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы болып тағайындалсын.