Мамин: Министрлік мемлекеттік сатып алу бойынша семинар өткізуі қажет

Премьер-министр Асқар Маминнің мемлекеттік сатып алу бойынша жүйелі жұмыс жоқ екенін сынға алды.

Мамин: Министрлік мемлекеттік сатып алу бойынша семинар өткізуі қажет
Фото: Интернеттен алынды

«Бюджет бойынша жоспар өткен және биылғы жоспарға қарағанда асыра орындалды. Алайда кейбір бюджет бағдарламаларының әкімшілері қаражатты игермеген. Оның ішінде, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі – 1,5 млрд теңге, Мәдениет және спорт министрлігі — 1 млрд теңге, Индустрия және сауда министрлігі — 1 млрд теңге. Өңірлерден Алматы қаласы мен облысы, Түркістан, Шығыс Қазақстан және Қарағанды, Батыс Қазақстан, Ақмола облыстары бар. Жыл соңына дейін екі ай ғана қалды», — деді Асқар Мамин.

Үкімет басшысы мемлекеттік сатып алудағы жергілікті үлес бойынша облыс басшыларының жұмысы баяу екенін де сынға алды.

«Осының салдарынан жергілікті үлес бойынша көрсеткіштер төмен болғанын көріп отырмыз. Қызылорда, Павлодар және Түркістан облыстарының көрсеткіштері жаман емес екенін атап өту керек. Осы ретте Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен Қаржы министрлігі көрсеткіштері төмен әкімдіктермен мемлекеттік сатып алу бойынша семинарлар өткізуі қажет», — деді Премьер-министр.