Қызықтырар сала көп

Газет мақаласы Айқын газеті №77

Қазақстан Үкіметінің басшысы Асқар Мамин ХІІ АЭФ-ке қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына келген Армения президенті Армен Саркисянмен келіссөздер жүргізді. Кездесу барысында сауда және экономика салаларындағы қазақстандық-армяндық қатынастардың өзекті мәселелері қаралды.

Қызықтырар сала көп

Атап айтқанда, өзара тиімді ынтымақ­тастықты, соның ішінде Еуразиялық эко­номикалық одақ аясындағы өзара іс-қимылды кеңейту және тереңдету перс­пективалары талқыланды.

Тараптар атап өткендей, өзара ық­пал­­дас­тыққа Сауда-экономикалық ынтымақ­тас­­тық жөніндегі үкіметаралық комиссия жұ­мы­сын күшейту айтарлықтай серпін береді.

Ал елдердің нарықтарына жасалған талдау химия өнеркәсібі, машина жасау және ауыл шаруашылығы салаларын­дағы өзара жеткізілімдерді ұлғайту мен ­сауда-саттықты ары қарай кеңейту әлеуеті барлығын көрсетті.

Армения президенті Армен Саркисян екіжақты қарым-қатынасты тереңдету бағытында жасанды зердені, энергети­ка­ны, логистиканы, авиацияны, ғарыш са­ла­сын, аргоөнеркәсіптік кешенді, қорша­ған ортаны қорғау, білім беру және туризм­ді да­мыту тұрғысынан цифр­лан­дыру са­ла­лары қызығушылық тудыра­тынын айтты.

Өз кезегінде Асқар Мамин эконо­микалық қарым-қатынастарды то­лық­қанды форматта дамытуға, тауар ай­налымы көлемі мен инвестициялық ын­ты­мақ­тастықты арттыруға мүдде­лестік білдірді.