Сот шешімі сапалы болсын

Газет мақаласы "Айқын" газеті №108

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғарғы сот төрағасы Жақып Асановты қабылдады.

Сот шешімі сапалы болсын

Қазақстан Президентіне Жоғарғы соттың биылғы бірінші жартыжылдықта атқарған жұмыстарының қоры­тын­дылары және сот жүйесін жетілдіру барысы жөнінде мәлімет берілді.

Жақып Асанов Азаматтық процес­суалдық кодексті одан ары  жаңғыртуға бағытталған заң жобаларының дайын­дығы және жаңа әкімшілік әділет институтын енгізу жөнінде баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаев сот шешім­дерінің сапасын арттыру және азамат­тар­дың өтініштерін мұқият әрі әділ қарау қажетін айтты

. Президенттің пікірінше, судьялардың құзыреттігін және оларды іріктеу тетіктерінің ашықтығын қамта­масыз етуге қойылатын талапты ерекше назарға алу керек.