Қазақстан президенттік басқару нысанында қалуы тиіс / Тоқаев

Ұлттық кеңестің бірінші отырысында президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы билік туралы айтты.

Қазақстан президенттік басқару нысанында қалуы тиіс / Тоқаев
дереккөзден

«Бізге мемлекеттің әлеуметтік саясатын қайта қарау керек. Ұлттық экономика біздің бар азаматтың әл-ауқатын жақсартуға жұмыс жасауы керек. Саяси бәсекеге, азаматтардың ел саясатына араласуына, көппартиялық жүйені дамытуға серпін беретін кез келді. Мемлекет өз азаматтарына құлақ асуы және оларды естуі тиіс. Ұлттық кеңес мүшелері Open әкімдік тәжірибесін бірлесіп таратуды ұсынады. Бізге басқару мәдениетінің жаңа түріне өту қажет. Open әкімдік жергілікті билікке мейлінше қызмет көрсетуге қабілетті болуға мүмкіндік береді, халық пен мемлекеттік қызметкерлер арасындағы кедергіні жояды», - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, ол ҚР Парламентінің де жұмысын атап өтті.

«Қазақстан президенттік басқару нысанындағы мемлекет болып қалуы керек, бұған сенімдімін, алайда Парламент саяси жүйеде өзінің лайықты орнын табуы тиіс. Мәселе тек сайлау туралы заңнаманы жетілдіру ғана емес, сонымен бірге парламент қолданыстағы заңнама аясында ең маңызды мемлекеттік шешімдерді қабылдауда неғұрлым тиімді рөл атқаруы керек», - деді Қ.Тоқаев.