Хорватия вице-премьерін қабылдады

Газет мақаласы Айқын газеті №67

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Қазақстанға алғаш рет ресми сапармен келген Хорватия Республи­касы премьер-министрінің орынбасары, Сыртқы және еуропалық істер министрі Мария Пейчинович – Буричпен кездесті.

Хорватия вице-премьерін қабылдады
Тараптар екіжақты қарым-қа­тынасты дамытудың маңызды мә­селелерін талқылады. Н.Нығ­ма­ту­лин Хорватия Қазақстанның Оң­түс­тік – Шығыс Еуропадағы ма­ңыз­ды әрі әлеуетті әріптесі екенін алға тартып, біздің еліміз Қазақ­стан­ның Тұңғыш Президенті, Ел­басы Нұрсұлтан Назарбаев негізін қалаған ынтымақтастықты одан ары тереңдетуге және кеңейтуге ынталы екенін айтты. Биыл қос мемлекет арасында дип­ломатиялық қатынастың орнаға­нына 27 жыл толатынын еске сал­ған Мәжіліс төрағасы осы уақыттар ішінде, саяси және экономикалық тығыз байланысқа қол жеткізілгенін атап өтті. 
Өз кезегінде Мария Пейчино­вич – Бурич Қазақстан мен оның халқына деген құрметінің ерекше екенін және Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың даму, тұрақтылық, бірлікті арқау ете отырып, еліне жасаған ерен ер­лігін аса жоғары бағалайтынын жеткізді. 
Мәжіліс спикері екі ел ­ара­сын­дағы парламентаралық өзара іс-қимылды күшейтудің маңызын тіл­ге тиек етті. Сонымен бірге, заң­­намалық тәжірибені меңгеру және етене байланыс орнату мақ­сатында ынты­мақ­тастық жө­нін­дегі топтар дең­ге­йінде сапарлар алмасу тәжі­ри­бесін енгізудің қажеттілігі­не тоқталды. Кездесуде Мәжіліс төрағасы 23-24 қыр­күйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Еуропа және Азия елдері Парламенттері спикерлерінің IV кеңесіне назар аудара келіп, маңызды жиын пар­ла­ментаралық байланыстарды, со­нымен бірге, екіжақты қатынас­тарды нығайтуға кең жол аша­тынын айтты.