Назарбаеваның төрағалығымен әлемдік дін өкілдерінің отырысы өтуде

Бүгін Нұр-Сұлтанда ҚР Сенатының Төрағасы Дариға Назарбаеваның жетекшілігімен Әлемдік және дәстүрлі дін көшбасшылары хатшылығының XVIII съезі өтуде. Жиынға қатысушылар алда өтетін Съезд жұмысын пысықтап, ұйымдастыру мәселелерін талқылайды.

Назарбаеваның төрағалығымен әлемдік дін өкілдерінің отырысы өтуде

Отырысқа 19 елден келген түрлі діндер өкілдері мен көшбасшылары қатысады. Олардың қатарында Қытай, Оңтүстік Корея, Тайланд, Ресей, Мысыр, Сауд Арабиясы, Пәкістан, Ватикан, Ұлыбритания және тағы басқа да елдер бар. Барлық діндер өкілдері елордаға келіп болды.

Күн тәртібі бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VI Съезінің қорытындысы мен Хатшылықтың алдағы шаралары талқыға салынады. Сондай-ақ алдағы VII Съезд бен Хатшылықтың XIX отырысы өтетін күні белгіленетін болады.