Дипломсыз – ауыл бос
Ұлттық экономика министрлігінің Facebook же­лісіндегі парақ­ша­сында вице-министр Ермек Ал­пысов «Дипломмен ауылға» бағдар­ла­ма­сына қа­тысты сұрақтарға жауап беріп жатыр. 2 қыр­күйекте басталған кон­ференцияға қатысу­шылар күн сайын көбейе түскен. Бұл бағдарлама неге аяқ ас­тынан танымал болып, талқылана қалды? Өйт­ке­ні бағдарлама Президент назарына  ілікті. Ал біз басшылық назарына ілікпеген мәселеге назар аудара бермейміз.
Отанға қорған болғандарды Отаны қолдап отыр ма?
Әскери қызметкерлер әлеуметтік тұрғыдан қамтамасыз етіл­гендей көрінеді. Әскери қызметкерлерге арналған ар­нау­лы бағдарлама да бар дейміз. Тіпті, пікірлескенде кейбір қыз­мет­керлер жалақыны уақытылы беріп тұрғанына да шүкір де­гендей сыңай танытады. Бірақ БАҚ беттерінде тек зейнетке шық­қан әскерилердің мәселелері жиі жарияланады. Ал қызметтегі әскерилердің әлеуметтік ахуалы көпшілік наза­ры­нан тыс қалып жүр. Бұл салада қордаланып қалған мәсе­ле­нің көптігін Мемлекет басшысының өзі де айтқан болатын.
Түркістан жұртшылығы Жолдаудың басым бағыттарын талқылады
Түркістан облысы Жастар ресурстық орталығында «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың халыққа Жолдауы: әлеуметтік және қоғамдық жаңару бағыты» тақырыбына дөңгелек үстел өтті,– деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.
МӘМС эволюциясы: 2020 жылдан бастап медициналық көмек көрсетіледі
Осыған дейін елімізде мін­детті әлеуметтік ме­ди­циналық сақтан­дыру туралы жиі ай­тылып кел­ген. Алайда жобаның нақты іске қосылуы кейін­ге қал­дырылған болатын. Ал осы жолы жасаған Жол­дауында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аталған жүйені 2020 жыл­дың 1 қаңтарынан бастап іске қосу керегін қадап айтты. «Мемлекеттік тегін ме­ди­ци­налық көмектің кепілдік берілген көлемі сақталады» деді ол өз сөзінде.
Заңды митинг қалай өтуі керек?
Биылғы Президент Жолдауы мен жақында өткен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде кеңінен көтерілген мәселенің бірі – митингілер. Оның заң аясында өтуін құптағандар аз емес. Ендеше аталған жиындардың ұйымдастырылу формасы қандай болуы тиіс?
Сапалы білім – табыс кепілі
Жыл сайынғы Мемлекет басшысының Жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық әлеуетін одан ары жақсартуға бағытталған басты құжат болып есеп­теледі. Осы жолғы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың алғашқы Жолдауы да дәстүрді үзбеді. «Сыңдарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұ­рақ­­тылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жол­дауда әлеуметтік салаға зор назар аударған. Соның бірі – білім саласы. Қоғамда адам капиталы маңыз­ды фактор десек, оны дамытуға үлес қосатын са­ланың бірі – білім. Ал сапалы білім – табыс кепілі. Міне, еліміздегі білім, оның орны, дамуы секілді мәселелерді Шиелі индустриалық-аграрлық колледж директоры Мейрамхан Дүйсеновпен аз-кем әңгімелесудің орайы келді.
Мәдениеттен мән кетпесін...
Мәдениет және өнер саласы қызметкерлері теңгенің құны құлағалы құлазып кетті. Себебі сол, жалақы аз. Иә, бұл мәселе биік-биік мінберлерде, билік өкілдерінің аузымен талай көтерілді. Мәжілісмендер мен сенаторлардың да салмақты пікіріне айнала білді. Қанша рет қоғамдық талқылауға түссе де, бұл санаттағы қызметкерлердің мардымсыз жалақысы жоғарылаған жоқ. Жұрттың айлығына алты ай сайын ақша қосылса да, олардың маңдай тері ештеңемен, еш теңгемен өлшене қоймады. Сонда да үмітін үзбестен, ел ру­ханияты үшін адал еңбегін артық көрмей жүрген жан­дар үшін жағымды жаңалық Президенттің биылғы Жолдауында жарияланды. Мемлекет басшысының мәдени сала қызметкерлеріне лайықты көңіл бөлінбей отырғанын айтып, ең алдымен, кітапхана, музей, театр қызметкерлерінің айлығын көтеру туралы шығарған шешімі дәл осы саланың мамандарын су бүріккендей серпілтіп тастады.
Игерілмей жатқан жерді қайтару қажет
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арналған «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі»  Жолдауында жерді тегін жалға алу құқығына ие болғандардың көпшілігі жерді игермей, босқа ұстап отырғанына тоқталды. «Елімізде «шөп қорыған иттің» кебін киген «латифундистер» көбейіп кетті. Пайдаланылмай жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін қайтарып алатын кез келді. Жер – біздің ортақ байлығымыз және оны кім игерсе, соған тиесілі болуы тиіс» деп атап өтті. Қазіргі таңда жер біреуде бар, біреуде жоқ. Үкіметтен ұзақ жылға жалға алып отырғандар өзге жері жоқтарға жалға беріп қойып, солардың үстінен пайда көріп отыр. Тәуелсіздік алғалы шет мемлекеттерден елге оралған қандастарымыз, сол жылдардан бері туып-өсіп, ер жеткен кейінгі ұрпақ та жерді игергісі келеді. Бірақ олардың ондай мүмкіндігі жоқ. Себебі, жер әлдеқашан бөліске түсіп кеткен. Игерілмей жатқан ауыл шаруашылығы жерлерін соларға игеруге беру жолдарын қарастыруға бола ма?
Жолдау міндеттеген жүк ауқымды
Бұл Ел Президентінің «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауынан туындаған міндеттерді жүзеге асыру жолдары сараланған облыстық актив жиынында айтылды. Өңір басшысы Асқар Мырзахметов аймақты дамыту үшін сындарлы қоғам құрудың екі айқын жолынан таймау аса маңызды екенін айтып, осы бағыттағы қолға алынған жұмыстарды тілге тиек етті.
Татулық пен тұрақтылықты ту еткен
Қызылорда облысы активі отырысында алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттер талқыланды. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауына сүйене отырып, ел өміріндегі түйткілді мәселелердің шешімін табуға тырысты.
Беттер: 1 2 3 Келесі