Президенттік жастар кадр резервінің «Қабілетін тестілеу» кезеңінен кімдер өтті?

Президенттік жастар кадрлық резервіне үміткерлер үшін «Қабілетін тестілеу» кезеңі аяқталды.

Президенттік жастар кадр резервінің «Қабілетін тестілеу» кезеңінен кімдер өтті?
Фото: Интернеттен алынды

Бір тәулік ішінде үміткерлер күрделі мәтіндік және сандық ақпаратты талдау қабілеттерін анықтауға бағытталған тесттен өтті. Әрқайсысы 25 тапсырмадан тұратын вербалды және сандық тесттен өтуге сәйкесінше 25 минуттан берілді.

Бұл кезеңде қатысушылар шектеулі уақыт ішінде мәтіндік материалдар мен құжаттарды талдап, диаграмма, кестемен жұмыс істеді. Тапсырмада зейін, сараптау қабылеті талап етіледі.

Қазіргі уақытта тестілеудің келесі кезеңі – тестілеуді верификациялауға жіберілгендер тізімі - Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ресми сайтында және pkrezerv.kz онлайн-платформасында жарияланды.