Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 15.00-те телеарналарда көрсетіледі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арналған Жолдауын республикалық телеарналардан көрсетеді. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында жазды.

Мемлекет басшысының Жолдауы сағат 15.00-те телеарналарда көрсетіледі

«Бүгін сағат 15.00-де Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арналған Жолдауын республикалық телеарналардан көре аласыздар», – деп жазды Берік Уәли. 

Еске сала кетсек, бүгін ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына алғашқы Жолдауын жариялады.