Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты: Жер – жүрек, тіл – тірек

Газет мақаласы "Айқын" газеті №134

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – еліміздің саяси және рухани өмірін жаңа белеске көтеретін басты құжаттардың бірі. Осы Жолдаудың екі тармағын бөле-жара атап өткім келеді. Бірі – жер. Президент қалың елді  толғандырып жүрген жер мәселесіне арнайы тоқталды. «Мемлекет басшысы ретінде тағы да мәлімдеймін: жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Оған жол берілмейді. Бұл мәселе бойынша қауесет таратуды доғару керек. Бірақ жерді тиімді пайдалануды қамтамасыз ету – біздің міндетіміз», - деді.

Нұртөре Жүсіп, Сенат депутаты: Жер – жүрек, тіл – тірек

Екінші мәселе – тіл. Прези­дент Жолдауда «Еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мем­лекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейіп, ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәрі­міз даң­ғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн», - деп атап өтті.

Қоғам дамудың жаңа саты­сына шыққан тұста ұлттық са­наны жаңғырту ерекше орын алады. Мемлекеттік тілі­міздің мәртебесін асқақтату ба­ғытында Президент ұсы­нып отырған осы бағытты жүзеге асыруға көп нәрсе бай­ланысты. Бұл жерде әрбір қазақстандықтың таным-тү­сінігі, мәдени деңгейі басты рөл атқарады. Туған тіліміздің төңірегінде қызыл сөздің қырманын сапырғаннан гөрі нақты тірліктермен айналысқан абзал. «Жұмыла жұмыс жүргізу» деген сол.

Мемлекеттік тілімізді ұлт­аралық қатынас тіліне ай­нал­дыру әп-сәтте жүзеге аса сал­майды. Бұл үшін оның мәр­те­бесін нығайту, қоғамдағы қа­ты­нас, қолданыс шеңберін ұл­­ғайту, маңызын күшейту ке­рек. Мемлекеттік тілді өз бауыр­ларымыз бен өзге жұрт тек мұқтаж болғанда ға­на тез үйренеді. Осы ретте «Мем­­лекеттік тіл туралы» ар­­найы заңның  қажеттігі бі­лінеді. Бұл ұлтымыздың ру­ха­ни әлемі, мем­лекет пен қоғам үшін өзекті  мәселе. «Мем­ле­кеттік тіл туралы» Заң­ның қабылдануы ең алдымен латын графикасына көшу мен қолданылу ісінде басты тірек болады. Сондықтан Прези­денттің ұсынысын то­лық қол­дай­мын. Мұны заман­дас­тарымыз да қолдайды деп есептей­мін. Жүйелі түр­де өз­­гере­тін уақыт келді. Осын­­дай өршіл өзгерістер мем­­ле­кеттің дамуын жаңа кезеңге, сындарлы жолға шы­ға­ратынына  сенім­дімін.