Татулық пен тұрақтылықты ту еткен

Газет мақаласы "Айқын" газеті №138

Қызылорда облысы активі отырысында алғашқы кезекте орындалатын басты міндеттер талқыланды. Онда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған тұңғыш Жолдауына сүйене отырып, ел өміріндегі түйткілді мәселелердің шешімін табуға тырысты.

Татулық пен тұрақтылықты ту еткен

Президент Үкіметке, сала­лық министрліктерге, әкім­дер­ге және жауапты тұлғаларға ел экономикасын серпінді да­мы­ту бойынша зор міндеттер жүк­теп, нақты нәтижеге қол жет­кізуді тапсырды. Осы бағытта Сыр өңірінде де ауқымды жұ­мыстар атқарылып жатқаны облыс активінде қозғалды.

– Өз кезегінде әрбір отан­да­сымыздың әл-ауқатын жақ­сар­ту мен елімізді әлемдік көш­басшы мемлекеттің қатарына қосу – Қасым-Жомарт Кемел­ұлы­­ның басты назарындағы мәселе. Сон­дықтан сәт сайын құбылып, гео­саяси жағдай жыл­дам өзге­рістерге ұшырап жат­қанда Пре­зиденттің тап­сырмалары мен бастамаларын бұлжытпай орын­дап, Сыр елі­нің ауызбір­лігін көрсетуіміз қажет. Бұл орай­да, біздің ендігі міндет – әлеу­меттік-эконо­ми­калық жағ­дайды жақ­сарту ар­қылы тұрақ­тылық пен тату­лық­ты нығайту, – деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.

Мемлекет басшысы 2025 жыл­ға қарай ішкі жалпы өнімнің жыл сайынғы тұрақты өсімін 5 пайызға және одан да жоғары деңгейге жетуге болатынын сөз еткен. Соған орай, Елбасы ұсын­ған 2050 жылға дейінгі ұзақ­мер­зімді даму стратегия­сы­на және Ұлт жоспарына сәй­кес бірқатар құрылымдық мін­детті іске асы­руды тап­сырды. Бұл жайында облыс әкі­мі шикізаттық емес экспорт көлемі соңғы 3 жылда 3 есеге өскенін, екінші бесжылдық аясында 28 жобаның 7-і іске қо­сылғанын, жыл соңына де­йін тағы 4 жоба жұмысын бас­тай­тынын жеткізді.

– Жалпы, индустрия­лан­дыру бағдарламасының І және ІІ бес­жылдығы аясында өңі­рімізде құны 150 млрд теңгені құрайтын 24 жоба іске асыры­лып, 1,6 мың жұмыс орны ашыл­­ды. Нәти­же­сін­де, өнер­кәсіп өніміндегі өң­деу­ші өнеркәсіптің үлесі 2010 жы­лы 4,3 пайыздан 2018 жылы 12,6 пайызға жетті. Яғни, бұл көрсеткіш 3 есеге арт­ты, – деді аймақ басшысы.

Сондай-ақ жергілікті атқа­рушы органдарға қойылған міндеттердің бірі – шетелден тікелей инвестиция тарту. Осы орайда, облыста инвестиция тартуды жетілдіру жөнінде іс-шаралар жоспары орындалуда. Бұған қатысты жұмыстарды жүргізіп отырған – инвести­ция­лық ахуалды жақсарту жө­нін­дегі кеңес. Бұл кеңес 2016 жыл­дан құрылған.

Сонымен қатар Мемлекет бас­шысы Жолдауда әлеуметтік жаң­ғыруға маңызды мәселе тұр­ғы­сынан тоқтап, мамандар даярлау жүйесінің нақты еңбек нары­ғынан тыс қалып, еңбек ресурс­тарының балансын есеп­ке алмау­дың тиімді әдіс­темесі қалыптас­пағанын ата­ған. Пре­зи­денттің оқушы­лар­дың қа­білетін ай­қын­дап, кәсіби бағыт-бағдар беруді міндеттеген тап­сырмасын об­лыс толыққанды орындауда. «Үш жыл қатарынан қызылор­далық түлектердің универ­ситеттер мен колледж­дерге түсу көрсеткіші 97 па­йыз­ға жетті. Қазір облыстың эконо­микасын білікті кадрлар­мен қамтамасыз ету мақсатында мем­лекеттік білім беру тап­сы­рысы аймақтың мамандарға деген сұранысы негізінде ор­наластырылуда. Нәтижесінде, 2019-2020 оқу жылында 22 жа­ңа мамандық ашылды», – дейді Қуанышбек Ысқақов.

Облыс әкімі Қуанышбек Ыс­қақов актив отырысына Пре­зи­дент Әкімшілігінің мемле­кеттік инспекторы Ұлан Сар­құлов ша­қырылып, жергілікті мәслихат депутаттары, құқық қорғау ор­ган­дары мен мем­ле­кеттік меке­ме бас­шылары, ар­дагерлер, қо­ғам­дық кеңес мү­шелері, саяси пар­тия­лар мен аза­маттық қоғам инс­­титут­та­рының және бұқара­лық ақпа­рат құралдарының өкіл­дері қатысты. Сонымен бір­ге, қоғам қайраткері Бақберген Дос­ман­бетов, Q-MED клиникасы қо­ғамдық қорының жетекшісі Рау­шан Базарбаева Жолдауға бай­ланысты пікірлерімен бө­ліскен болатын.

 

Миуа БАЙНАЗАР,
Қызылорда облысы