Табыс пен тұрақтылық негізі

Газет мақаласы "Айқын" газеті №148

2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мырзаның «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауымен үлкен қызығушылықпен таныстым.

Табыс пен тұрақтылық негізі

Құжатта белгіленген қоғамдық-саяси жүйе­ні жаңғыртудың іргелі қағидатын сақтай отырып, экономикалық реформаларды іске асыру саласындағы кешенді шараларды жоғары бағалаймын.

Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынып отырған мық­ты президенттік биліктің, парламентаризмді ны­ғай­тудың және Үкіметтің тиімді қызметінің тең­дес­тірілген формуласы – тұрақтылықтың негізі, реформалардың табысқа жетуінің және ұзақмерзімді перспективада қоғам өркендеуінің кепілі екеніне сенімдімін.

Жолдаудың ережелерін іске асыру – менің досым, Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қойған сыртқы және ішкі саясаттың стратегиялық сабақтастығының айқын көрсеткіші.

Шындық, ашықтық және әділдік қағидаты негізінде халықаралық демократиялық нормаларға толық сәйкес өткен президенттік сайлауда халықара­лық бақылаушы ретінде биыл маусым айында Қа­зақстанға келгеніме қуаныштымын.

Степан МЕСИЧ,
2000-2010 жылдардағы Хорватия президенті

 

Билік пен қоғам диалогі

«Қазақстан – Хорватия» достық қоғамының мүшелері атынан осы жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан елшілігінде өткен дөңгелек үстел барысында талқыланған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған жаңа бастамаларды құптайтынымды жеткіземін.

Хорватияның Достық қоғамы қауымдастығының басшысы ретінде Қазақстан басшылығының билік пен қоғам диалогін дамыту, азаматтық қоғам инс­титуттарын нығайту, азаматтардың құқығы мен бос­тандығын қамтамасыз ету, сондай-ақ халықты әлеу­меттік қорғау саласында қабылдап жатқан ша­ралары туралы білу өте қызықты болды.

«Еститін мемлекет» жобасын іске асыру және ұлт­тық қоғамдық сенім кеңесін құру Қазақстандағы іш­кі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісімді ны­ғай­туға бағытталған маңызды қадам екеніне се­нім­дімін.

Хорват-Қазақстан достығы қоғамының қызметі жан-жақты ықпал етіп, елдеріміз арасындағы дос­тық пен ынтымақтастық дәстүрі нығаятынына үміт­пен қараймын.


Андрия КАРАФИЛИПОВИЧ,
Хорват достық қоғамы қауымдастығының президенті, 
«Хорватия-Қазақстан» достық қоғамының төрағасы