Мәжіліс төрағасы ресми сапармен Вьетнамға барады

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин 13-15 қарашада ресми сапармен Вьетнам Социалистік Республикасына барады.

Мәжіліс төрағасы ресми сапармен Вьетнамға барады
Фото: Интернеттен алынды

Сапар барысында Вьетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен және осы елдің жоғары мемлекеттік билік органдарының басшыларымен келіссөздер өткізу жоспарланған. Сондай-ақ Нұрлан Нығматулин Ханой университетінің профессорлық оқытушылар құрамымен кездесіп, Абай атындағы ғылыми және мәдени орталығына барады. Дананг қаласындағы келіссөздер барысында екі жақты ынтымақтастықтың перспективалық бағыттары талқыланады. Онда Мәжіліс төрағасы Вьетнамның экономикалық мүмкіндіктерімен танысады.