Ұстанымың нық па, Ұлттық банк?

Газет мақаласы "Айқын" газеті № 176

Ортақ валюта бола ма? Халық пен билік қайта-қайта осы мә­селеге оралуға мәжбүр. 2025 жылы Алматыда Қаржы на­ры­ғын реттеу жөніндегі жоғары орган құрылмақ. Бұл ор­ган­ның ше­шімдерін орындау Еуразиялық одаққа мүше бес елге мін­детті болады.

Ұстанымың нық па, Ұлттық банк?

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығ­матулиннің төрағалығымен өткен палата отырысында депутаттар «Еу­разиялық экономикалық одақ­­­­­қа мүше мемлекеттердің қар­­­­­жы нарығы саласындағы заң­­­­­­на­масын үйлестіру туралы ке­лі­­сім­ді ратификациялау туралы» заң жо­басын мақұлдап, Сенатқа жол­дады. Дегенмен оны талқылау ба­рысында бірқатар мәселе туын­дады.

Мәселен, осы келісім одақ­тас бес мемлекеттің қаржы сала­сын­дағы заңнамасын бір ізге кел­тіріп, бірыңғайландыруды көз­дейді. Одақ аясында ұлттық заң­намаларды үйлестіру процесі 2025 жылы аяқталуы тиіс. Содан кейін Қаржы нарығын реттеу жө­ніндегі ұлтүстілік жоғарғы орган түң­лігін жаңадан түреді.

Бірақ депутаттар ұлт­тар үстінен қарайтын одақтық бұл алпауыт құрылымның не үшін қажет екенін түсінбейді. Нә­­­тижесінде, келісім жобасын Мә­жілісте қорғауға кел­ген Ұлт­тық банк төрағасы Ерболат До­саев қалаулылардың қарша бо­­ра­ған сұрағының астында қал­ды: бұл органға қандай өкілет­тік­тер беріледі? Жоғарғы орган қа­был­дайтын шешімдердің мәртебесі қандай болмақ? Сауалдар қазақша қойылғасын ба, мемлекеттік тілге шорқақ қаржылық реттеуші бас­­шысы толыққанды жауап қайыра ал­мады. Парламенттің рес­ми сте­нограммасы Ұлттық банк төра­ға­сының былай дегенін тіркеді:

– Біріншіден, жаңа дұрыс айт­ты­ңыз, басты жұмыстарымыз үй­­лес­­тіру жағынан. Өйткені екі сөз бар. Бірі – унификация, бірі – үй­лестіру. Үйлестіру деген жа­қын­дату деген сөз. Ол енді осы ке­лісімнің ішінде енгізілген нор­ма­лары ол 1 қаңтар 2025 жылға шейін. Бірақ мүмкіншілік те бар, оған шейін жұмысымызды бітір­мей­­тініміз туралы. Одан кейін, қал­­ғаннан кейін жаңа айтқандай, 2025 жылдан бастап Алматы қа­ла­сында жаңа осы органды біз құ­ра­мыз. Сол органымыз осы жұ­мыс­­ты жалғастыратын болады. Оған қарағанда бұл біріншіден, жаңа қадағаларды енгізу жағынан, екін­шіден, ең басты ойымыз осы ортақ қар­жы нарығын құруы ішін­де біз сол барлық кедергілерді алу жағынан жұмысымыз болады, – деді Ерболат Досаев.

Бұл айтылғанды қазақ тіліне ау­дарсақ, мынаны білдіреді: ЕАЭО бес мемлекеті төл қаржы салаларын реттейтін ұлттық заңнамаларының бір-біріне қайшы келетін тұстарын тү­зетіп, тігісін жатқызып, бірың­ғай қалыпқа келтіруі қажет. Мә­селен, Ресейде банк ашу үшін құрылтайшы 100-150 млн дол­лар шамасында капиталы болса жет­кілікті. Қазақстанда заңнама қа­таңырақ және жарғылық капи­талы, қаржылық реттеуші талабы, басқа да кепіл қаражаттары мен жар­наларын қосқанда, бұл сома екі еседен асады. Әрине, Қырғызстан, Бе­ларусь пен Арменияда бұдан әл­деқайда аз. Демек, барлық бес ел бес жыл ішінде ортақ шамаға тоқ­тауы шарт.

Егер қандай да бір мүше мем­лекет парламенті өз заңнамасын одақ қалыбына салып үлгермесе, қалған қатысушылар оны күтпейді: 2025 жылы бәрібір ұлтүстілік ор­ган құрылады. Аталған орган орын­далуы міндет құжаттар қабылдау ар­қылы бұл істі ары қарай одақтық дең­гейде жалғастырады. Ерболат Ас­қарбекұлының «қадағаларды» деп жаңылыс айтып отырғаны – осы одақтық органның қағида­лары.

Биылғы қазан айының соңын­да Минск қаласында одақтас ел­дер­дің орталық банктерінің бас­­­шылары кездескен. Сонда Қа­за­қ­стан Ұлттық банкінің төрағасы 2020 жылдың мамырына дейін Алма­тыда құрылатын жаңа ор­ган­ның қызметіне қатысты норма­тив­тік-құқықтық актілерді дайын ете­тінін мәлімдеді.   

Е.Досаевтың Мәжіліс отыры­сын­да айтқанын арлы-берлі ой та­разысынан өткізіп, ақыры бас­ты сауалға жауап таппаған де­пу­­­тат­­тар талқылау соңында бұл мә­­селеге қайта оралды: «Әлгі жо­­ғар­ғы органның құрылуы ортақ валю­таны енгізуге бастамай ма?».

– Ортақ қаржы нарығын құ­ру – ең үлкен мақсатымыз. Еуразия­лық одақ ішінде бұл жерде бір ше­­­шім болады. Еуразиялық эко­но­микалық одақ құру туралы шарт­та да, басқа келісімдерде де ор­тақ валютаны енгізу немесе валю­та ода­ғын құру жағы көрсе­тіл­меген, – деп мемлекеттік тілде жауап қатты ҰБ төрағасы. 

Бұл – бұрыннан айтыла-айтыла әбден жауыр болған дәйектеме. Сол себепті жиыннан шыққан оны енді журналистер қоршап алып, ЕАЭО-да ортақ валюта енгізуге қа­тысты сұрақты төтесінен әрі орыс­ша қойды. Ерболат Досаев елі­міздің Ұлттық банкі одақтың әр­бір қатысушысының қаржылық еге­мендігін жақтайтынын жеткізді.

– Шартта нақты жазылған: экономикалық одақ құру идеясы валюталық одақты құруды көз­де­­мейді. Бұл мәселені не се­беп­­ті әртүрлі сипатта, сан алуан форматта әдейі қаузай бере­тін­­деріңізді түсінбеймін! – деп рен­жі­ді Ерболат Асқарбекұлы.

Оның байламынша, ортақ қар­жы нарығын құру бірыңғай валюта енгізуді қарастырмайды.  

– ЕАЭО туралы шартта ор­тақ валюталық одақ пен ортақ валю­таны құру көзделмеген. Реттеуші ретінде біз Қазақстанның Қаржы на­рығын реттеу және дамыту агент­тігімен бірлесіп, болашақта да ақша-кредит саясатын жүргізу, қар­жылық тұрақтылықты қамта­ма­сыз ету, қажетті дағдарысқа қар­сы шараларды қабылдау өкі­лет­тігін толығымен өзімізде сақ­тап қа­ламыз. Еуразиялық одақ­тың әр­бір қатысушысы бүкіл қар­жы­лық егемендігін сақтап қалады, – деп сендірді ол.

Рас, ресейлік биік лауазымды тұлғалар болашақта одақ аясында рубль ортақ валютаға айналуы тиіс­­тігі жөнінде мәлімдеме жасау­ла­рын тыяр емес. Ендеше, одақтас бес елге ең алдымен мұндай бір-бі­ріне кере­ғар мәлімдеме жа­са­­­мау туралы ке­лісіп алғаны жөн-ақ. Олай бол­маса, Ұлттық банк басшысына Мәс­кеу жақ­тан жарияланған мұн­дай мә­лім­демелерді талай рет жоқ­қа шы­ғару­ға тура келмек.