Мал өнімі түйткілі пысықталмақ

Газет мақаласы Айқын газеті №76

Мәжілісте ет және сүт өнімдерінің өндірісіне қатысты қордаланған мә­селелер ашық талқыланады.

Мал өнімі түйткілі пысықталмақ

Осы орайда палатада келесі жұма, 24 мамырда «Ет және сүт өнімдерін өндіруді, қайта өңдеуді және экспорттауды дамыту перс­пективалары» тақырыбында парламенттік тыңдау өтеді.

Шараға Сенат және Мәжі­ліс депутаттары, осы іске жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар басшылары, сонымен қатар «Атамекен» ұлттық кәсіпкер­лер палатасының, салалық қоғамдық бірлестіктер өкілдері, ауыл ша­­руа­шылығы тауарларын өнді­рушілер, шетелдік және отандық са­рапшылар қатысады деп күтілуде.

Парламенттік тыңдау барысында мал шаруашылығы өнімдерін өндіру, өңдеу және экспорттаудың; қазақстандық өндіру­ші­лерді мемлекеттік қолдаудың; ішкі нарықты жалған өнімдердің әкелуінен қорғаудың көкейкесті мәселелерін талқыға салу жоспарланып отыр.

Жиын қорытындысы бойынша Үкіметке ұсынымдар әзірленетін болады.