Украина лидерін құттықтады

Газет мақаласы Айқын газеті №78

Қазақстан Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров Украинаның жаңа­дан сайланған президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне қатысты.

Украина лидерін құттықтады

Салтанатты жиыннан кейін Жоғарғы палата бас­шы­сының орынбасары Украи­наның көш­басшысымен жеке кездесті.

Жүздесуде Б.Бекназаров Қазақстанның Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың, Қазақстан Рес­публикасының Прези­денті Қа­сым-Жомарт Тоқаев­тың және барша Қазақстан халқы­ның атынан Владимир Зелен­скийді қызметіне рес­ми түрде кірісуімен құттық­тап, Украина халқының игі­лігі жолындағы қызметіне табыс тіледі.

Кездесу барысында сон­дай-ақ Қазақстан мен Украи­на ара­сындағы қатынастарға қар­қын беруге бағытталған ауқым­ды мәселелер талқы­ланды.