Мақсат – айқын, бағыт – анық

Газет мақаласы Айқын газеті №80

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева «Дохий дебаттары» телебағдарла­ма­сының басқарушы дирек­торы Амджад Аталлахпен кездесті.

Мақсат – айқын,  бағыт – анық

Жүздесу барысында өзара іс-қимылдың келешегі зор жобалары, атап айтқанда Еуразиялық медиа форумның аталған телебағдарламамен ынтымақтастығы талқыланды.

Бағдарламаның мақсаты – көп­жақты пікірсайыстар мен нақты іс-қимылдар арқылы жаһан­дық проблемалардың бірлескен шешімдерін іздестіру. Бұл Еуразияның және бүкіл халықаралық қоғамдастықтың гео­саяси, экономикалық, әлеуметтік-мәдени дамуының негізгі проблемалары бойынша еркін және ашық пікірлесуді жолға қоюға бағытталған ЕАМФ миссиясымен үндес келеді.

А.Аталлах Еуразиялық медиа фо­рум аясында «Масс-медианың сандық ақиқаты: біз сын-қатерді қабылдаймыз ба?» тақырыбы бойынша өткен отырыста сөз сөй­леді.

Ал Сенат басшысының ресейлік ТАСС бас директорының бірінші орынбасары Михаил Гусманмен кездесуі барысында «Деглобализация: әлем дамудың жаңа үлгілерін іздестіруде» отырысы аясында болған пікірталастар талқыға салынды. Онда тө­рағалық етушілер жаһанданудың қазіргі әлемдік дағдарысқа әсері және деглобализация көрі­ністері туралы айтқан болатын.

М.Гусман Қазақстанда 2002 жыл­дан бері өтіп келе жатқан ЕАМФ қалыптасуы мен дамуына Дариға Назарбаеваның қосқан жеке үлесін атап өтті. Форум­ның ауқымды бағдарламасы өзекті тақырыптарға арналған ашық пікірталастарға, спикерлердің мазмұнды сөздеріне, әлемдік сарапшылардың ше­берлік сыныптарына толы бол­ды.

Форум аясында сондай-ақ осы саланың кәсіби мәселелері – цифр әлеміндегі журналистиканың болашағы мен блогосфера ықпалының өсуі талқыланады.

Ресейлік беделді медиаменеджер Алматыдағы медиафорумның өзін таңғалтқанын мойындады. Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, сондай-ақ Қазақстанның ішкі саяси жағдайы бойынша да пікір ал­мас­ты.