Депутаттар «АЛЖИР»-ге барды

Газет мақаласы Айқын газеті №84

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Парламент депутаттары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды мұражай кешенінде болды.

Депутаттар  «АЛЖИР»-ге барды

Парламентшілер саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Ақмол ауылындағы «Қасірет қақпасы» монументіне гүл шоқтарын қойды. Олар «Алаш», «АЛЖИР» залдарын аралады, «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» деректі фильмін көрді.

«Бүгін біз 20 ғасырдағы қуғын-сүргін құрбандарын аза тұтып, еске аламыз. Бірақ сталиндік зұлымдықтар жайлаған ауыр жылдардағы қазақ халқының ең жақсы қасиеттері туралы да айтамыз. Туғандар бір-бірін жоғалтқан, ажырап қалған қиын кезеңде біздің хал­қымыз қатыгез болған жоқ, қайта өзде­рінің ең үздік ұлттық ерекшеліктерін – қайырымдылықты, ынтымақты, қиындықта кө­мек қо­лын созатын асыл қасиеттерін сақ­тап қалды. Ғасырлар бойғы өзіне тән даналығын та­нытты. Біз бұл күннің мән-мағынасын қазақстандықтардың жаңа буынына міндетті түрде айтуымыз керек. Халқымыз бастан кешкен ауыр сынақтарды еске алу біздің ұлы игілігімізді – Қазақстанның тәуелсіздігін сақ­тап, бағалауға септеседі», – деді Сенат төрағасы.