Үйлесім – адамзаттың арманы

Газет мақаласы Айқын" газеті №95

Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева Жапонияның Қазақстандағы елшісі Тацухико Касаиді қабылдады. Мәртебелі мейманмен кездесу барысында Жоғарғы палата басшысы Жапония императоры Нарухитоның таққа отыруымен және «Рэйва» дәуірінің басталуымен жапон халқын құттықтады.

Үйлесім –  адамзаттың арманы

«Рэйва – үйлесім табу, яғни бү­кіл адамзаттың арманы. Үйле­сім дәуірі және оның күш-қуаты бүкіл әлемге таралғанын қалар едім. Жапония халқының табыс­қа жетуіне және өркендеуіне ті­лек­теспін», – деді Д. Назарбаева.

Сенат басшысы Елбасының 2016 жылғы Жапонияға сапарына қа­тысты пікірлерімен бөлісті жә­не сол сапар барысында қа­был­дан­ған, «кеңейтілген страте­гия­лық әріптестік» мәртебесі бе­кі­тіл­ген маңызды саяси құжаттар Қа­зақстан мен Жапония қарым-қа­тынастарына жаңа серпін бе­ретініне сенім білдірді.

Жүздесушілер сондай-ақ екі­жақ­ты өзара іс-қимылдағы эко­но­микалық, гуманитарлық және мәдени мәселелерді талқылады. Сенат басшысы эко және этно ту­ризмнің ерекшеліктеріне тоқ­тала келе, жапон туристерін Қа­зақ­станға келуге шақырды.

– Тікелей әуе қатынасын ашу жа­пон туристерінің санын арт­тырады деп үміттенемін. Сондай-ақ біздің ел туралы көбірек ха­бардар болу үшін туристік агент­тік­тердің қатысуымен бірлескен кон­ференциялар ұйымдастыру қа­жет, – деді Дариға Назарбаева.

Жапония елшісі Сенат төра­ға­сын жоспарлары туралы хабар­дар ете келе, Қазақстанға құйы­лып жатқан жапон инвес­ти­ция­сының көлемін арттыру – басты мін­деттердің бірі екенін атап өт­ті.

Д.Назарбаева осыған бай­ла­нысты шетелдік инвесторларды қорғаудың қолайлы тетіктері, жеңіл­детілген салық тәртібі, ағыл­шын құқығы мен тәуелсіз қар­жы сотының қағидаларына не­гізделген «Астана» халық­ара­лық қаржы орталығының жұ­мы­сы жайында жан-жақты айтып бер­ді.

«Шикізат экспортынан ал­шақтап, қосылған құны жоғары өнімді қайта өңдеуге ұмтылу қа­жет», – деді Сенат басшысы.