Біздің күшіміз – бірлікте

Газет мақаласы Айқын" газеті №99

Сенаторлар Түркістан облысының Арыс қаласында болған оқиғаға байланысты қайғырып көңіл айтты. Әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан адамдар қаза болды, жараланғандар бар, мемлекетке тұрғындарды көшіруге тура келді. Осы төтенше оқиғаға орай Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева жеделхат жолдады.

Біздің күшіміз – бірлікте

«Елімізге қайғы әкелген осы күн­дерде жеке өзімнің және Се­нат депу­таттарының атынан қаза тапқандардың және зардап шеккендердің отбасы­ларына қайғырып көңіл айтамын. Сіздер душар болған қайғыға ортақ­та­сып, бірге қайғырамыз, біз сіз­дер­мен біргеміз. Арыс тұрғын­да­рына қол ұшын созған қазақстан­дықтарға ерекше алғыс айтамыз. Жүрегі мейірімге толы мыңдаған жан адамдарды көшіруге кө­мектесті, тамақпен, киім-ке­шек­пен бөлісіп, баспанасыз қалған­дарды үйле­ріне орналастырды, жоғалған балалар­ды іздеуге көмек берді. Ержүрек әскери қызметшілер тәуекелге бел буып, төтен­ше жағдай аймағынан адам­дарды көшірді, отпен, өрт­пен күресті. Адамдар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға уақытша қиындықтарды бастан өткеруге көмектесу үшін дәрі­герлер, полиция қызметкерлері, өрт сөндіру­шілер, еріктілер, республикалық және жергілікті билік органдары қолдан келген­нің бәрін жасауда. Зардап шек­кендердің бәрі тезірек сауығуын тілей­міз», – делінген жеделхатта.

Жоғарғы палата басшысының байламынша, біздің күшіміз бірлік пен қайырымдылықта және рақымшы­лықта екенін қазақстандықтар тағы да паш етті. Бүкіл елімізде Арыс тұрғын­дары үшін киім-кешек, ақша және азық-түлік жинақталып жатыр.

«Біз тек біріге отырып, барлық қиын­­дықтарды еңсереміз, мұқтаждарды қолдау арқылы Арысты қалпына кел­тіре аламыз. Қазақстан Парламенті Се­натының депутаттары мен Сенат аппа­ратының қызметкерлері біркүндік еңбекақыларын Арыс қаласында төтен­ше оқиға салдарынан зардап шеккен­дерге аударды», – деп хабарлады Д.Назарбаева.


Елдос СЕНБАЙ