Мәжілістің маңызды жаңалықтарын @NigmatulinKZ парақшасынан оқыңыз

Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин халық арасында танымал әлеуметтік желілердің бірі – Твиттерде @NigmatulinKZ  жеке парақшасын ашты.

Мәжілістің маңызды жаңалықтарын @NigmatulinKZ парақшасынан оқыңыз

Н.Нығматулин өзінің Twitter қолданушыларына арналған бейнежазбасында оның қол жетімді, заманға сай байланыс құралы екенін айтты. Сонымен бірге:

– Ол әрбір азаматпен тікелей байланысып, жедел ұсыныс-пікір алмасуға мүмкіндік береді. Бұл ортақ мақсат жолында, бірлесе жұмыс істеуге кең жол ашады деп ойлаймын. Сондықтан, алдағы уақытта осы парақшамда Мәжілістегі маңызды жаңалықтармен бөлісіп отыратын боламын, – деді Мәжіліс Спикері.