Еуропалық қонақ қызығып отыр

Газет мақаласы "Айқын" газеті №135

Этносаралық келісім­нің қазақстандық үлгісі өзге елдерге өнеге бола алады. Бұл жайында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Еуропадағы қауіп­сіздік және ынтымақтастық ұйымының Ұлт азшылықтары істері жөніндегі жоғарғы комиссары Ламберто Заньермен жүздесуінде мәлім етілді.

Еуропалық қонақ қызығып отыр

Кездесуде екіжақты қарым-қатынасты нығайтудың өзекті мәселелері талқыланды.

Н.Нығматулин мен Л.За­ньер, әсіресе, ұлтаралық ке­лісімнің бірегей қазақстандық моделі және еліміздің тәжі­ри­бесін әлемдік деңгейде пай­да­ланудың мүмкіндіктері ту­ра­лы салмақты ойларын ортаға салды.

Мәжіліс төрағасының пі­кірінше, этносаралық келісім мен қазақстандық қоғамның бірлігі ел тұрақтылығының және өркендеуінің шешуші факторы болып саналады.

Палата спикері Тәуел­сіз­діктің алғашқы жылдарында Қазақстанның Тұңғыш Пре­зи­денті Нұрсұлтан Назар­баев­тың бастамасымен құрылған Қазақстан халқы ассамблеясы бүгінде теңдесі жоқ бірегей инс­титутқа айналғанына на­зар аударды. ҚХА депутаттары қазір Мәжілісте жұмыс жасау­да. Республикамызда 100-ден астам этнос пен 18 діни кон­фес­сия өкілдері тату-тәтті тұ­рып жатқаны тілге тиек етілді.

Нұрлан Нығматулиннің бай­ламынша, этносаралық ке­лісімнің қазақстандық мо­делі басқа мемлекеттер үшін үлгі қызметін атқара алады және мемлекетіміз толерантты қоғам құру ісіндегі тәжіри­бесімен бөлісуге дайын.

Палата басшысы Қазақ­стан­ның ЕҚЫҰ-мен және оның институттарымен ын­ты­мақтастықты нығайтуға зор көңіл бөлетініне тоқталды. Соның ішінде, этномәдени бірлестіктердің ақпараттық-коммуникациялық бағытын дамытудың маңызы зор.

Өз кезегінде Ламберто За­ньер Қазақстанға деген ықы­лас үлкенін айтты, өйткені рес­публикамызда әзірленген этносаралық қарым-қатынас­тар моделі келешегінен көп үміт күттіреді.

Алдағы уақытта Қазақ­стан­ның тұрақтылық пен бір­лік жолындағы жетістіктері мен бай тәжірибесін есепке ала отырып, бірлесе іс-қимыл жа­сау қажетіне тоқталған мәр­тебелі мейман сапары аясын­да «Достық үйінде» бо­лып, әр­түрлі ұлт өкілдерімен кездес­кенін, оларға жасалған жағдай мен мүмкіндіктер, мәдени және тарихи үндестік қызы­ғу­шылық тудыратынын жеткізді.

Тараптар өзара сындарлы іс-қимыл ЕҚЫҰ кеңістігінде қауіпсіздік мәселелеріне серпін беретініне сенімді.


Елдос СЕНБАЙ