Жұмыс берушілерге талап қатаяды

Газет мақаласы "Айқын" газеті №141

Сенат кемтар жан­дар­дың тұрмыс сапасын жақ­сарту жө­нінде ұсыныс­тар жинауға кірісті. Парла­мент­­тің Жо­ғар­ғы пала­та­сын­да мүгедек адамдардың құ­­қы­­­­ғын қам­та­масыз ету және өмір сүру сапасын жақ­­сар­ту жөніндегі жұмыс то­бы­­ның алғашқы отыры­сы бол­ды. Жұмыс тобы Сенат төра­ғасы Дариға Назар­баева­­ның тап­сыр­масы бойын­ша құрыл­ған.

Жұмыс берушілерге талап қатаяды

Оның құрамына сенаторлар, жауапты министрліктер мен үкі­меттік емес ұйымдардың өкіл­дері кіреді. Жұмыс тобына Сенат де­путаты Нариман Төреғалиев же­тек­шілік етеді.

Отырыс барысында ашық ай­тыл­ғандай, кейінгі кезде жұ­мыс берушілер тарапынан жа­рым­жан азаматтарға арналған жұ­мыс орындарын азайту, ал қал­ғандарының жалақысын ке­міту көріністері белең алуда. Сон­дықтан қолданыстағы заңдарда жұмыс берушілерге қатысты ере­же­лерді қатаңдату қажет болып отыр.

Мүмкіндігі шектеулі адам­дар­­ға жәрдемдесетін әлеу­меттік қыз­меткерлер мәртебесін көтеру жайы да талқыланды. Әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы мен бі­лім деңгейі төмен екені әрі олар­дың «тұрмыстық жұмыс­тар­ды атқарушылар» ретінде қа­былданатыны тілге тиек етілді. Үкі­меттік емес ұйым өкілдері олар­д­ың мәртебесін заң жүзінде жо­ғарылатуды, біліктілігін артты­руды және жалақыларын қайта қарауды ұсынды.

– Бізде мүмкіндігі шектеулі адам­дардың құқығы мен өмір сүру сапа­сын жақсартуға ба­ғыт­талған көптеген заң бар. Алайда олардың орындалуы ой­дағыдай емес. Әсі­ресе, жа­уап­­ты органдардың осы мә­се­ле­ні ескермей келе жатқаны бай­­­қалуда. Біз барлық ұсыныс пен бастаманы жинақтап, тиіс­ті органдарға құжаттар топ­та­масын әзірлейтін боламыз, – деді сена­тор Н.Төреғалиев.

Сенатор жұмыс тобы биылғы 30 қарашаға дейін жұмыс істейті­нін хабарлады.