Тұңғыш төраға Оспанов

Газет мақаласы "Айқын" газеті №143

Мәжілісте қазақ­стан­дық парламентаризмнің, көппартиялық жүйенің негізін қалаушылардың бі­рі, Мәжілістің тұңғыш тө­рағасы, Парламенттің төрт шақырымының – XII және XIII шақырымдағы ҚазКСР Жоғарғы кеңесі­нің, сон­дай-ақ І және ІІ ша­қырым­дағы Қазақстан Парла­мен­тінің депутаты, эко­номика ғылымдары­ның докторы Марат Оспановты (17.09.1949-23.01.2000) еске алу шарасы өтті.

Тұңғыш төраға Оспанов

Көрнекті мемлекет және қоғам қай­рат­кері Марат Оспановтың туғанына 70 жыл толуына орай Мә­жілісте сурет көрмесі ұйым­­дас­тырылды.

Шараға палата төрағасы Нұр­лан Нығ­матулин, Мәжіліс депу­таттары және марқұмның отбасы мүшелері қатысты.

Көрмеге Марат Тұрдыбекұ­лы­ның ғұмыры мен қызметінің жар­қын тұстарын бейнелейтін, бала ке­зінен Мәжіліс төра­ғалығына де­йін­­гі өмір жолынан сыр шер­тетін ар­­хивтік фотоматериалдар қойылды.

Көрмені ашып, жиналғандар алдында сөз сөйлеген палата спи­кері Н.Нығматулин Марат Оспа­новтың Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев­тың сенімді серігі бола жүріп, тә­уелсіз еліміздің саяси және эконо­ми­калық ұстындарын түзуге, Ел­басы қойған мемлекетті дамыту мін­деттерін жүзеге асыруға, ұлт­тық пар­ламентаризмді қалыптас­тыруға қосқан зор үлесін атап өтті.

Сонымен бірге Мәжіліс төра­ғасы М.Оспановтың қайсарлығы, турашылдығы секілді қасиеттеріне тоқтала келе, оның Елбасы тап­сырған әрбір істі сындарлы әрі тиім­ді орындап, Қазақста­нымыз­дың игілігі жолында аянбай қыз­мет еткенін айтты.

Нұрлан Зайроллаұлының ха­бар­ла­уынша, бұл көрме – Марат Оспанов есімін құрметтеуге ба­ғыт­талған кешенді шара­лардың бас­тауы. Алдағы уақытта көптеген өз­ге де шаралар жоспарланған. Соның ішінде қараша айында оның туған жерін­де – Ақтөбе қаласында ғылыми-теориялық конференция өтеді. Алматыда бірқатар үлкен іс-шаралар ұйым­дастырылмақ.

Алдағы жылдың қаңтарына Мәжіліс М.Оспановтың қазақ­стандық парламен­таризмді да­мытуға қосқан үлесіне арналған ғылыми-тәжірибелік конфе­рен­цияны жоспарлап отыр.

Көрмеде Мәжіліс депутаттары және Ма­рат Оспановтың жары Бақыт Ахметқа­лиқызы сөз алып, саяси қайраткердің өмірі, елеулі еңбектері мен ғылыми қызметі, адамдық ізгі қасиеттері туралы жан-жақты әңгімеледі.