Елдің зары – депутаттар назарында

Газет мақаласы "Айқын" газеті №148

Сенатор билікке ауыр сөз айтты: халыққа астанадағы еңселі кеңселерінің терезесінен ғана қарайтын шенеуніктер бұқара зарын естімейді. «Халықтың сенімі жоқ қазір!». Жоғарғы палатаның жалпы отырысына төрағалық еткен Сенат басшысы Дариға Назарбаева әріптесі жайып салған, санасы бар жан үшін сүйектен өтер шындық сөздерге қолдау білдірді.

Елдің зары – депутаттар назарында

Жиында сенаторлар 2006 жыл­­­ғы 3 қазандағы «ҚР және РФ шекара маңындағы аумақтар тұр­ғындарының Қазақстан – Ре­сей мемлекеттік шекарасын ке­сіп өту тәртібі туралы келісімге өз­герістер енгізу туралы хатта­ма­ны» ратификациялайтын заң­ды қабылдады. Депутат Сәр­сенбай Енсегенов мұны ке­рек құжат санайды және қол­дай­тынын жеткізді. Бірақ оның бай­ламынша, осы сала­да жер­гілікті халық бастан өт­ке­ріп отырған әлеу­меттік-экономикалық қиын­дықтар жетерлік.

Сенатор, әсіресе, Атырау об­лы­сының Құрманғазы ауданына қарайтын, Кеңес Одағы кезінде яд­ролық сынақтардан азап шек­кен Азғыр өңірінің халқы бүгінде де ауыр жағдайда екеніне назар аудартты. Өңірде 10 мыңға жуық тұрғын тұрады, 9 елдімекен бар. Ау­дан орталығы – 300, облыс ор­та­лығы 600 шақырым қиянда. Ол жақ­та автокөлік жолы, теміржол, әуе байланысы ешқашан болған емес. Бүкіл тіршілігі 60 шақырым жерде орналасқан Ресейдің Қара­байлы қаласына тәуелді.

– Екі елдің келісімі бұрынғы бай­ланысқа үлкен тұсау салды. Бі­ріншіден, адамдар арғы бет­ке өзімен бірге 25 келіден ар­тық қа­жетті дүниесін алып өте ал­м­ай­ды. Бір қап ұнды 50 келі де­сек, оны алу мақсатында ау­дан орталығына барып-келу үшін 600 шақырымды еңсеруі ке­рек. Екіншіден, жергілікті жұрт­шылық жоғарғы сапалы қа­ракөл тұқымды қойды бағып, өсі­реді. Оның өнімі Ресейде үл­кен сұранысқа ие. Бірақ шека­ра­дағы шектеу адамдарға өзі өсір­ген малының өнімін көрші ел­ге апарып өткізуіне мүмкіндік бер­­мейді. Кәсіпкерліктің дамуы­на тежеу. Үшіншіден, бұл өңірге 600, кейде мыңнан ас­там шақырым жүріп жететін та­мақ және басқа да өнімдер ба­ғасы тым қымбат, – деген С.Ең­­­сегенов осы ауыртпалықтар ор­талықтан жырақта, ауылда отыр­ған отбасылардың еңсесін езе­тінін білдірді.

«Ресей кәсіпкерлері де сол өңірімізге құрылыс мате­риал­да­рын әкелгісі, тығыз сауда-саттық орнатқысы келеді. Ал бұл мәселе орталықта шешімін тап­пай тұр. Ең қиыны сол, ауыр­ған адамдарды Қарабайлы қаласына апарайын десе, ше­карадан жедел жәрдем көлігін өткізбейді. Әр ауылда же­дел жәрдем көлігі бар, бірақ көр­шілердің ауруханаларына жете алмайды. Егер аман қалғысы келсе, сырқат адам өз атына тір­кел­ген автокөлігімен өзі баруы ке­рек екен. Тіпті баласына рөлге оты­руға сенімхат берсе, оны да өткізбейді. Адам рөлде өзі отыруы керек», – деді депутат.

Ол бұған дейін Үкімет бас­­­шы­сына екі депутаттық са­уал жолдағанымен, мәселе лайық­ты шешімін таппағанына қын­жыл­ды.

– Бірнеше рет жауапты ми­нистр­ліктегі комитет бас­шы­ла­рын сол өңірге алып бардым. Халықпен кездестірдім. Қиын жағдайды өз көзімен көрді. Бірақ оң шешім жоқ. Себебі неде? Себебі – мемлекеттік органдардағы кадр тұрақсыздығы. Комитет тө­ра­ғалары жылына бірнеше рет ауысады. Келесі келген адам мән-жайды түсінбейді. Екін­ші­ден, мемлекеттік органдар ара­сында бірлескен жұмыс жоқ. Тауарлар бойынша шектеу ЕАЭО бас­ты қағидаттарына қайшы. Қо­лымда ұлттық экономика ви­це-министрінің осыны рас­тай­тын хаты бар. Сыртқы іс­тер министрлігі оны алып тас­тау­ға шекара қызметі қарсы шық­ты дейді. Яғни, астанадан ха­лыққа кабинет терезесінен қа­райтын шенеуніктер елдің мұң-мұқтажын, зарын естуге құ­лықсыз. Табандылығы жоқ, бір­лігі де жоқ. Халықтың ауыр жағ­дайын түсініп, оны жүрегінен өт­кізейін деген ықылас-ниет жоқ. Ал біз не айтамыз?! – деген Сәрсенбай Еңсегенов палата төрағасына жүгінді.

«Құрметті, Дариға Нұрсұлтан­қызы! Бұл мәселені меморгандар бас­шыларымен бірге тағы пы­сық­тап, Сенатта үлкен кеңес өт­кіз­ген дұрыс па деп ойлаймын. Өйткені менің қолымнан келетін басқа шара қалмады. Халықтың сенімі жоқ қазір!» – деді сенатор С.Еңсегенов.

Д.Назарбаева әріптесін қол­дап, ондай жиын өткізуге пәрмен берді:

– Айтқаныңызды қолдаймын! Ко­митеттермен бірге осы мәсе­ле­ні көтеріп, парламенттік тыңдауға да шығаруға болады. Себебі бір­талай жылдан бері шешілмей ке­леді. Тек Ресеймен арадағы ше­карада ғана емес, Қытай жақта да тура сондай мәселелер туып жа­тады. Халықпен кездескенде ес­тиміз. Келісімшарт бар деген жауап аламыз, бірақ ешқандай шешімі табылмайды, бұл бағытта тиіс­ті жұмыс байқап отырған жоқ­пыз. Сондықтан Үкіметпен тізе қосып, мұны елдің жағдайы, ұлт­тық экономиканы қолдау се­кілді әр жағынан қарап, жақсы ше­шімге келуіміз керек, – деп түй­ді Сенат төрағасы.