Оңал Бекиев Көліктегі полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды

Президент Әкімшілігінің келісімімен Көліктегі полиция департаментінің басшысы қызметіне полиция полковнигі Оңал Бекиев тағайындалды.

Оңал Бекиев Көліктегі полиция департаментінің басшысы болып тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды

Департаменттің жаңа басшысын Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев таныстырды. 

Оңал Бекиев 1975 жылы туған.

1998 жылдан бері ішкі істер органдары қатарында істеп келеді. Ішкі істер органдарында орта және аға басшы құрамның әр түрлі лауазымдарында қызмет атқарды. ІІМ кадр саясаты департаменті басшысының орынбасары және Алматы облысында және көліктегі полиция департаменті басшысының орынбасары қызметтерін атқарған.