Қ.Тоқаев Омбыға барды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді,– деп хабарлайды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында.  

Қ.Тоқаев Омбыға барды

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Омбы қаласына ұшып келді. Президент «Шекара маңы ынтымақтастығын дамытудың өзекті мәселелері» атты Қазақстан мен Ресей арасындағы XVI өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысады»,– деп жазды Берік Уәли.

Форум аясында Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен кездеседі және бірқатар құжатқа қол қойылады деп жоспарланып отыр.