Сенімді өкілдер – ауылда

Газет мақаласы Айқын газеті №75

«Ұлт тағдыры» қозғалысы ұсынған кандидат Әміржан Қосанов штабының  сенімді өкілдері Көкшетау қаласының маңындағы  Красный Яр және Нұрлы көш ауылдарына келді. Нұрлы көш – бүкіл Қазақстаннан көшіп келген тұрғындары бар жаңа ауыл.

Сенімді өкілдер – ауылда

Кездесуге қос ауылдан жиылған отызға жуық адам қатысты. Кандидаттың облыстық штабының өкілдері сайлауалды платформаның негізгі аспектілерімен таныстырды. Іс-шараны облыстық сайлау штабының бастығы Дахан Шөгшір жүргізді. Қатысушылар осы құжатта көрсетілген әрі оларға аса маңызды болып көрінген мәселелерді талқылады.

Кандидаттың сайлаушыларымен кезекті кездесуі Қарағанды облысындағы Үштөбе елдімекенінде өтті. Ә.Қосановтың Қарағанды облыстық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдер тобы кандидатпен бірге Бұқар жырау ауданындағы Үштөбе ауылында орналасқан К.Маркс атындағы құс фабри­касына барды. Кандидаттың өңірлік штабының өкілдері кездесуге келгендерді сайлауалды тұғыр­наманың негізгі тармақтарымен таныс­тырды. Қатысушылар құжаттың негізгі бағыт­тарын талқылап, аға буын, белсенді жастар және қарапайым тұрғындар пікірімен бөлісті.

Ә.Қосановтың сенімді өкілдері Оралдағы қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінің залында интернат тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында қонақтар қарттар мен мүгедектердің мәселелерімен танысты, кандидаттың сайлауалды платформасында көтерілген бағыттар туралы айтып берді. Ал кеше үгіт-насихат тобы елордадағы Орталық базарда жұмыс істеді. Студенттер, белсенді жастар базардағы жүздеген тұрғындар мен астана қонақтары, сатып алушылар мен сатушылар арасында үгіт-насихат жасады. Қатысушылар үгіт материалдарын таратып, сұрақтарға жауап берді. Астанадағы Әуезов пен Мәскеу көшелерінің қиылысындағы аллеяда жастар флешмобы өткізілді. Ақ футболка киген волонтерлар «Таңдау – Қосанов» деген акцияда кандидатты қолдаушы жастар үгіт-насихат материалдарын, парақшалар таратып, кандидаттың позициясының бағыттарын түсіндірді.  


Айдана БЕГІМ