Сайлауалды штаб жиыны өтті

Газет мақаласы Айқын газеті №76

Жамбыл Ахметбековтің республикалық сайлауалды штабы Нұр-Сұлтан қаласында  «Халық коммунистері» депутаттық фракциясы үгіт топтарының облыстық штабтары кеңейтілген отырысын өткізді. Видеоконференция арқылы өткен басқосуға республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Айқын Қоныров  төрағалық етті.

Сайлауалды штаб жиыны өтті

Қатысушылар үгіт-насихат жұмысы мен қолданыстағы заңнамаларды сақтауға қатысты бірқатар сұрақтарды талқылады. Үміткердің аймақтардағы сайлаушылармен кездесулері туралы қысқаша баяндалып, қатардағы аза­маттар партияның жұмысына, оның идеялары мен ұстанымдарына қызығушылық танытып жатқаны аталып өтілді.

Республикалық штаб жетекшісі А.Қоңыров ағымдағы жағдай мен штаб жұмысы жайлы айтып берді. Ол барлық іс-шаралар белгіленген уақытында және жоспарға сай өткізіліп жат­қанын жеткізді. БАҚ-қа үміткерді қолдау мақ­сатында жарнама берілді, сайлауалды бил­бордтар ілінген, әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс атқарылып жатыр. Сонымен қатар қалалық және облыстық комитеттердің бірінші хатшыларының аралық есептері тыңдалды.

Кездесу соңында спикерлер штаб қызмет­керлеріне алғыс білдіріп, алда әлі де жемісті еңбек атқару керегін айтты.

ҚР президенттігіне үміткер Жамбыл Ахметбеков ЕҚЫҰ Демократиялық инсти­туттар мен адам құқықтары бюросының Қа­зақстандағы кезектен тыс президент сайлауын бақылаушылар тобының басшысы Урсула Гацек және саяси сұрақтар бойынша маман Зарона Исмаиловамен кездесті. Тараптар рес­публикалық, өңірлік сайлауалды штабтардың қызметі, үміткердің мүмкіндігі, әділетті сайлау, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жайлы пікір алмасып, ой бөлісті.

 

Айдана БЕГІМ