Көгалдандыруға үлес қосты

Газет мақаласы Айқын газеті №76

  Әміржан Қосановтың сайлауалды штабының мүшелері кеше Өскемен қаласында үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды. Атап айтқанда, штаб белсенділері облыс орталығының дамып келе жатқан  ауданында «Қаланы көгалдандыру» шарасын өткізді.

Көгалдандыруға үлес қосты

Абаттандыру шарасы барысында, облыстық штабтың басшысының қатысуымен қала тұрғындары арасында сайлау алдындағы үгіт-насихатын жүргізіліп, жаңа ауданда ағаштар отырғызылды.

Сонымен қатар, кейбір тұрғындар кан­дидаттың сайлауалды тұғырнамасының бағыттарымен танысып, штаб белсенділерінің қаланы көгалдандыруға арналған бағыттарын құптады.

Ал ҚР президентіне кандидат Әміржан Қосанов үгіт-насихат жұмысын әлеуметтік желілерде тікелей эфир арқылы жалғастырды. Трансляциялар Instagram, Facebook және YouTube желілерінде өтті және жарты сағатқа созылды. Кандидат өзінің сайлауалды тұғыр­намасында көрініс тапқан «Саяси бостан­дықтар» тақырыбында сөз сөйледі. Хабар та­рату бұл жолы орыс тілінде сөйлейтін аудито­рияға арналды. Себебі, өткен эфирде бұл тақырып бойынша ол қазақтілді аудитория үшін сөз сөйлеген болатын. Кандидат, сондай-ақ қолданушылардың саяси-әлеуметтік сұрақтарына жауап беріп, олар атаған мәселелер туралы пікір білдірді.

ҚР президентіне үміткер Әміржан Қосановтың республикалық штабына ЕҚЫҰ Демократиялық институттар және адам құқық­тары бюросы келіп, штаб жұмысымен танысты. Кездесу кезінде кандидат сайлауалды плат­фор­ма­сындағы негізгі бағыттар, өңір­лердегі жұмыс және өз жоспарлары туралы айтып берді.

 

Айдана БЕГІМ