«Назарбаев университеті» брендке айналды

Газет мақаласы Айқын газеті №77

Елбасы «Назарбаев университеті» дербес білім беру мекемесінің президенті Шигео Катсуды қабылдады.

«Назарбаев университеті» брендке айналды

Шигео Катсу кездесуде Қазақстан­ның Тұңғыш Президентіне «Назарбаев универ­си­те­тінің» қазіргі даму барысы және жоғары оқу орнының түлектеріне бесінші рет диплом тапсыру рәсіміне дайындық жұмыстары туралы мәлімдеді.

– Бізде халықаралық деңгейдегі университет болады дегенге көбі сенбеп еді. Міне, көп жылдан бері осындай уни­верситеттің ректорысыз. Жоғары оқу орнының зияткерлік әлеуеті – оқу орны­ның деңгейін көтеріп жатқан ғалымдар бар. «Назарбаев университеті» Қа­зақ­стан­­ның брендіне айналды, – деді Елбасы.

Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев ЖОО басшысына бірқатар тапсырма берді.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Пар­ламент Мәжілісі Қаржы және бюд­жет комитетінің төрайымы Гүлжан Қаракұсованы қабылдады. Кездесу бары­сында комитеттің бюджетті жос­пар­лау және салық саясаты саласындағы заң шығару қызметінің мәселелері талқыланды.