Сала кәсіподақтары сенім білдірді

Газет мақаласы Айқын газеті №77

Қазақстан кәсіподақтары федерациясының үміткері Аманкелді Таспиховтың сенімді өкілдері Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал қазақ гимна­зиясында білім беру меке­ме­лерінің бастауыш кәсіподақ ұйымы төрағаларымен, мемлекеттік қызметкерлермен және банк саласы қызметкерлерінің кәсіп­одақ ұйымы төрағаларымен кездесті.

Сала кәсіподақтары сенім білдірді

Жиынға қатысушы қызметкерлер кандидаттың тұғырнамасында көтерілген еңбек адамының құқы мен мүддесін қорғау, кез келген еңбек адамына лайық­ты еңбекақы төленуі жөнінде көрсетілген ұсыныстардың өзектілі жайлы көзқарас­тарын білдірді, сенімді өкілдер қатысу­шылар сұрақтарына жауап берді, жиынға қатысушыларға үгіт-насихат материал­дарын таратты.

А.Таспиховтың сенімді өкілі, Қызыл­орда облысы бойынша ауыл шаруашы­лығы салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Берік Бисембаев Қазалы ауданында «Агро-Өркен» серіктестігінің жұмысшыларымен кездесті. Егіс алқа­бында өткен кездесуде Б.Бисембаев еңбеккерлерді кандидат А.Таспиховтың өмірбаянымен, атқарған қызметі және сайлауалды тұғырнамасымен таныс­тырды. «Агро-Өркен» ЖШС басшысы Н.Алиев кандидат тұғырнамасы бойынша пікір білдіріп, шаруашылық жұмыс­шыларын сайлауда белсенді болуға шақырды.

Сенімді өкілдер Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лық қызметкерлерінің салалық кәсіп­одағы өкілдерімен де кездесті. Басқосуда кәсіподақ өкілдері «Құрылыс кешені және тұрғын үй-коммуналдық шаруа­шылық қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағы» ҚБФ төрағасы Г.Сахиповтың кәсіподақ қызметі туралы есебін тыңдап, қабылдады және салалық кәсіптік одақтың өкілі Г.Саберлиноваға сұрақтарын қойды.

Шара барысында А.Досмақов үміткердің өмірбаяны мен еңбек жолы туралы естеліктерімен бөлісті, үміткердің сенімді өкілі Г.Сахипов А.Таспиховтың сайлауалды тұғырнамасы туралы айтып, құрылыс кешені мен тұрғын үй-ком­муналдық шаруашылығы саласының кәсіподақ өкілдерін кәсіподақ атынан президенттікке үміткер А.Таспиховқа дауыс беруге шақырды.

 

Айдана БЕГІМ