Кандидат Арқаға келді

Газет мақаласы Айқын газеті №77

«Ауыл» партиясының кандидаты Төлеутай Рақымбеков шахтерлер өңірі – Қарағандыға ат басын тіреп, «Нойдаровское», «ЦЭМ-Геомаш» ЖШС қызметкер­лерімен кездесті. Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, кәсіпорын жұмысшыларын қызықтырған сұрақтарға жауап берді.  

Кандидат Арқаға келді

Одан кейін Жезқазған қаласындағы сүт зауытына барды. 60 адам еңбек ететін ұжым тәулігіне 2-3 тонна сүтті қайта өңдеуден өткізіп, сүт өнімдерінің 5 түрін шығарады. Жент пен құртты да осы кәсіпорыннан табуға болады. Т.Рақымбеков жезқазғандық зиялы қауым өкілдерімен кездесуінде Жезқазған, Сәтбаев және Ұлытау аудандарының күрделі мәсе­лелерінің күрмеуін шешудің жолын талқылап, ұсынысымен бөлісті.

Кандидаттың сайлаулады штабы да өңірлерде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мәселен «Ауыл» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы филиалының төрағасы Мынатаубиік Анесов бастаған сенімді өкілдер Kazconstruction group ұжымымен кездесті. Бұл жиында Төлеутай Рақымбековтың сенімді өкілі, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің доценті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты Болатқали Төлебаев Төлеутай Рақымбековтың өмірбаянымен таныстырып, ғалым, ұстаз, мемлекеттік қызметкер, аграрлық саланың тәжірибелі маманы ретінде ұстанымдарына кеңінен тоқталды. Президенттікке кандидаттың әлеуметтік желілердегі жеке парақшалары және сайты арқылы оның аграрлық саланың, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының, эколо­гия­ның, жалпы ел экономикасының қазіргі жағ­дайын, проблемаларын және оларды ше­шу­дің нақты жолдары туралы бөліскен ойлары­мен әр сайлаушының танысуға мүмкіндігі зор екеніне назар аударды. Сонымен қатар ол Төлеу­тай Рақымбековтың сайлау алды бағ­дарла­масын жан-жақты сараптап, жиылған азаматтарға таныстырды.

Төлеутай Рақымбековтың Шымкент қала­сын­дағы штабы қала тұрғындарына концерт ұйымдастырды. Шарада сөз алған Төлеутай Сатайұлының сенімді өкілі Қанатбек Досалиев жиналғандарға кандидаттың сай­лауалды бағдар­ламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

 

Айдана БЕГІМ