Бауырлас елдердің ынтымақтастығы

Газет мақаласы Айқын газеті №80

Елбасы Н.Назарбаев Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглумен кездесті.

Бауырлас елдердің ынтымақтастығы

Кездесу барысында Қазақстанның Тұңғыш Президенті бауырлас екі ел арасындағы ынтымақ­тастықты сақтаудың және оны ары қарай нығайту­дың маңызын атап өтті.

– Түркия бізге тәуелсіздігіміздің алғашқы күндерінен бастап қолдау көрсетіп келеді. Біздің мемлекеттеріміз бен халықтарымыз бір-біріне өте жақын. Екі ел арасында визасыз режим енгіздік. Қазақстан мен Түркия қарым-қа­тынастары жыл сайын нығайып келеді. Осы бағыттың жалғаса түсетініне сенімдімін, – деді Елбасы.

Сонымен қатар Н.Назарбаев Түркі кеңесі ая­сында мемлекетаралық байланыстарды дамытудың қажетін айтты.

– Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастығы кеңесі түркі халықтарының арасындағы байланыс­тарды дамыту және нығайту мақсатымен құрылған болатын. Бұл жұмыстарды жалғастырған жөн. Мен жан-жақты қолдау көрсетемін, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

М.Чавушоглу Елбасыға ризашылық білдіріп, Режеп Ердоғанның жақын уақытта Түркияға келуге қатысты шақыруын жеткізді.

– Сіздің Елбасы, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы, Nur Otan партиясының жетекшісі ретінде Қазақстан халқының игілігі жолындағы жұмыстарды белсенді жалғастырып жатқаныңызға қуаныштымыз. Сіздің Қазақстанды өркендету және екіжақты қарым-қатынастарды дамыту ісіне өлшеусіз еңбек сіңір­геніңізді жақсы білеміз, – деді Түркия Республи­касының Сыртқы істер министрі.

Кездесу барысында тараптар күн тәртібіндегі халықаралық және өңірлік өзекті мәселелерді талқылады.

Соңында Түркия Республикасының Сыртқы істер министрі Түркі кеңесі мемлекеттері көш­бас­шы­­ларының қабылдаған шешіміне сәйкес, түркі әлемі елдерін дамытуға зор үлес қосқаны үшін Н.Назарбаевқа Түркітілдес мемлекеттердің ынты­мақ­тастығы кеңесінің ғұмыр бойғы құрметті төрағасы мәртебесі берілгенін мәлімдеді.