Еңбек ұжымына барды

Газет мақаласы Айқын газеті №80

Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосановтың облыстық сайлауалды штабының мүшелері және сенімді өкілдері Атырау қаласындағы «Рауан Налко» ЖШС-ның еңбек ұжымымен кездесті. Серіктестік еліміздегі жетекші мұнай-химиялық кәсіпорындарының бірінен саналады.

Еңбек ұжымына барды

Кездесудің модераторы облыстық штаб бастығы Ғалымжан Өтебаев болды. Штаб мүшелері кандидаттың сайлауалды плат­формасын таныстырып, кандидаттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндап берді.

Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосановтың Алматы облысындағы сайлауалды штабының мүшелері мен сенімді өкілдері   Көксу кентіндегі қант зауытының еңбек ұжымымен кездесті. Бұл зауыт – Қазақстандағы тамақ өнеркәсібінің жетекші кәсіпорындарының бірі. Кәсіпорынның жобалық қуаты тәулігіне 1 500 тонна қант қызылшасын өңдеуге қауқарлы. Бүгінгі күні зауыт шаруа қожалықтарымен белсенді түрде келісімшартқа отырып жұмыс істеп жатыр.

Облыстық штаб бастығы Жүкел Хамай кәсіпорын ұжымын кандидаттың сайлауалды платформасын таныстырды.

Әміржан Қосановқа қолдау білдірген ерікті жастар Алматы қаласындағы Орталық көк базар мен орталық мешіт арасында насихат парақтарын таратты.

 

Айдана БЕГІМ