Ынтымақтастық жөніндегі басқосу

Газет мақаласы Айқын газеті №81

Алматыда Қазақстан Республикасы Парла­мен­ті­нің Сенаты мен Ресей Фе­дерациясы Федерал­дық Жиналысы Федера­ция кеңесі арасындағы ­Ынты­­мақтастық жөніндегі ко­мис­сияның 14-отырысы өтті.

Ынтымақтастық жөніндегі басқосу

Шараны кіріспе сөзімен аш­қан Сенат Төрағасының орын­басары Сергей Громов комиссия­ның өткен он үш отырысы да тиімді болғанын айтты. Ол сон­дай-ақ Парламент­тік өзара іс-қимылдың жаңа дең­гейге көтеріл­геніне, мемле­кет­те­ріміздің заңна­маларын үйлестіру саласында ауқымды жұмыстар атқарыл­ға­нына тоқталды.

Басқосуда Сенат пен Феде­ра­ция ке­ңесі арасындағы Ынтымақ­тас­тық туралы келісімге сәйкес са­лалық екі комитет жұмысқа бірлесе кіріскені сөз болды.

Комиссияның Ресей тарапы­нан тең төрағасы Ресей Федера­ция Кеңесі төрағасының орын­басары Ильяс Умаханов өз ке­зе­гінде отырыстың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ цифрлы эко­­номиканы дамыту, жастарды қолдау және осы саладағы ынты­мақтастық мәселелеріне назар аударды.

«Бұл отырыс өнімді жұмыс істейтін болады және біздің заң шығарушы органдардың өзара тиімді ынтымақтастығына оң ықпал етеді деп сенемін», – деді С.Громов.

Отырыс барысында Қазақ­стан мен Ресей сенаторлары құ­қық­қорғау органдары мен сот­тар­ды және цифрландыруды заң­на­ма­лық қамтамасыз ету, жастарды қолдау мәселелері, сондай-ақ екі елдің жастар ұйым­дары ынтымақ­тастығының келе­шегі талқы­лан­ды. 2019 жыл Қа­зақ­станда Жастар жылы деп жариялануына байла­нысты жас­тарды қолдауды заңна­малық қамтамасыз етудің жол­дары мен бағыттарын заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету, Қазақстан мен Ресей жастар ұйымдарының ынтымақтастығын талқылау ма­ңызды болып отыр.

Отырысқа сенаторлар Геор­гий Ким, Жеңіс Нұрғалиев, Тө­леубек Мұқашев, Нұрлан Бекна­заров, Владимир Волков, Ғұмар Дүйсем­баев, Сергей Плотников, еліміздің Ақпарат және қоғамдық даму министрінің орынбасары Жұлдыз Омарбекова, Цифрлық даму, қор­ғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің орын­ба­сары Абылай­хан Оспанов, Жо­ғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының судья­сы Ерден Әріпов, Бас прокурор­дың орынбасары Марат Ахмет­жанов қатысты.

Депутаттар Ықылас атындағы халық музыкалық аспаптар музейінде болып, мәңгілік алауға гүл шоғын қойды.

Комиссияның кезекті 15-оты­­рысы Ресейде өтеді. Оның нақты күні мен орны комиссия хатшы­лары арқылы келісілетін болады.