Еңбек ұжымдарымен жүздесті

Газет мақаласы Айқын газеті №83

Қазақстан кәсіподақтары атынан президентікке кандидат Аманкелді Таспиховтің сенімді өкілі – Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету ұйымдары қызметкерлерінің салалық кәсіподағы Атырау облыстық филиалының төрағасы Шыңғыс Абилов Атырау облысы жұмыспен камтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы және Атырау облысы қаржы басқармасы ұжымымен кездесті.

Еңбек ұжымдарымен жүздесті

Сенімді өкіл А.Таспиховтің өмір­бая­нымен және сайлауалды тұғыр­на­маның негізгі бағыттарымен таныс­тырды.

Бұл күні А.Таспиховті қолдау мақ­сатында құрылған Шардара аудандық штабының мүшелері Көксу ауылында орналасқан «Қарлығаш» балабақшасы қызметкерлерімен кездесті. 50 адам қатысқан шарада үміткердің сенімді өкілі Бақытгүл Биманова алда келе жатқан президент сайлауының маңы­зын түсіндіріп, көп­шілікті саяси додаға атсалысуға ша­қырды. Үміт­кердің сайлауалды тұғыр­масын түсін­діріп, оның еңбек қауіп­сіздігі мен ең­бекті қорғау, еңбек даула­рының алдын алу, жазатайым оқи­ғаларды болдырмау, жұмысшылардың жалақысын көтеру, ұжымдық шарт жасасу сынды қоғамда маңызға ие мәселелерге қатысты ой-пікірлерін ортаға салды. Кездесуге кел­гендер штаб мүшелеріне сұрақ қойып, тұ­шымды жауап алды.

А.Таспиховтің тағы бір сенімді өкілі Серік Мырзаханов Сырдария ауданының Қызылдихан шаруа қо­жа­лығында кездесу өткізді. Ол жұмыс­керлерді кәсіподақтардан ұсы­нылған кандидаттың өмір­бая­нымен танысты­рып, кандидаттың сай­лауалды тұғыр­намасын түсіндірді. Ел президентін сайлауда әрбір азаматтың дауысы маңызды екенін айтып, сайлауға белсенді қатысуға шақырды.


Айдана БЕГІМ