Өндірісті өңірге барды

Газет мақаласы Айқын газеті №83

«Ақ жол» партиясынан президенттікке үміткер Дания Еспаева Павлодар облысына қарасты Екібастұз қаласының халқына өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Мұнда үміткердің үгіт тобы жергілікті кәсіпкерлермен, энергетик және әлеуметтік сала жұмысшыларымен кездесті.

Өндірісті өңірге барды

Екібастұзда энергетика, көмір өнер­кәсібі, бағалы металдарды өндіру салалары жақсы дамыған. Бүгінгі таңда қалада 8 мыңдай шағын және орта бизнес нысаны бар. Дания Еспаевамен кездесуде тұрғындар әлеуметтік мәсе­лелерді көтерді. Екібастұзда халық са­ны 150 мыңнан асады. Мұнда метал­лург, инженер, шахтерлер әулеті тұрады. Алайда қала тұрғындарының сөзінше, соңғы жылдары мектеп бітірушілер көрші мемлекетке оқуға түсе бастаған.

Дания Еспаеваның үгіт тобы Сол­түстік Қазақстан облысындағы Петро­павл ауыр машина жасау зауы­тының ұжымымен кездесті. Айта кетейік, өнер­кәсіп мұнай-газ, қорғаныс, энер­гетика салаларына арналған жабдық­тарды даярлайды. Бүгінде өнеркәсіпті қайта жаңғыртуға 4,5 млрд теңгеден аса қаржы бөлініп отыр. Жоба 2020 жылға дейін, яғни үш жылға жоспарланған. Қайта жаңғыру процесі өнеркәсіп аумағын ұлғайтып, жаңа өнімдерді шығаруға мүмкіндік береді. Зауытта мыңға жуық адам жұмыс істейді. «Ақ жол» партиясының үміткері еңбек шар­тымен танысып, өнеркәсіп ұжы­мына қазақстандық кәсіпорындарды, олардың жұмыс­керлерін қолдау туралы ұсыныстарын айтып берді.

Ақжолдың үміткердің Орал қаласы мен Батыс Қазақстан облысындағы ай­мақтық штабтарының ұйымдасты­руы­­мен «Әр адамға жеткізу» және «Пошта жәшігі» шаралары өтті. Акция ұйым­дастырушылары үш күн бойы үміткерді қолдауға бағытталған үгіт материал­дарын таратты.


Айдана БЕГІМ