Әріптестік байланыс артады

Газет мақаласы Айқын газеті №84

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Еуропалық кеңестің төрағасы Дональд Тускпен кездесті. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынас жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті.

Әріптестік  байланыс артады

– Біз бірнеше рет кездестік. Сіз тө­ра­­ға болған кезде Еуропа одағы мен Қа­зақстан арасында кеңейтілген әріп­тес­тік және ынтымақтастық туралы ке­­лісімге қол қойылды. Биыл осы құ­жат­ты ратификациялау рәсімі аяқ­та­ла­ды. Жалпы, қарым-қатынасымыздың ке­лешегі жарқын, – деді Елбасы.

Дональд Туск Н.Назарбаевтың Қа­зақ­станды қалыптастыру және өр­кен­дету, сондай-ақ еліміздің халықаралық бе­делін нығайту ісіндегі рөлін атап өтті.

– Сіз осы өңірде ерекше және маңыз­­ды рөл атқарасыз. Сізбен жүздескеніме қуа­ныштымын. Сіздің билік транзитіне қа­тысты ойға қонымды әрі жауапты ұс­танымыңызды жоғары бағалаймын. Ме­­нің ойымша, бүкіл Еуропа осы қада­мыңызға тәнті болды. Демократия жағ­дайында кімнің президент болатынын білу оңай емес. Бірақ сіз айқындаған ба­ғыт­ты жалғастыру үшін кандида­тыңыздың толық мүмкіндігі бар, – деді Еуропа­лық кеңес төрағасы.