Үгіт жұмысына спортшылар қосылды

Газет мақаласы Айқын газеті №84

Қазақстан президенттігіне кандидат Сәдібек  Түгелдің Түркістан қаласындағы сайлауалды штабының ұйымдастыруымен «Киелі жерлерге – тағзым!» атты іс-шара өткізілді.

Үгіт жұмысына спортшылар қосылды

Штаб мүшелері кандидаттың сай­лауал­ды бағдарламасындағы ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында Қожа Ахмет Ясауи кесенесінде болды. Мұнда Азия чемпионы Исабек Бекзат пен кандидаттың сенімді өкілі Азиз Анетов қала тұрғындары мен қонақта­рын кандидаттың сайлауалды бағдар­ламасының негізгі бағыттарымен таныстырды.

Сонымен қатар таэквандодан спорт шебері Дәулет Манапов қоғам қайраткері, ұлттық спортты дамытуда ерекше үлес қосқан Сәдібек Түгелдің қайраткерлігі жайлы айтып берді.

Штаб мүшелері одан кейін Арыстанбаб кесенесіне барып, қасиетті Рамазан айында құран бағыштап, құр­бандыққа қой шалды. Ел ақсақал­дары ақ батасын беріп, президенттіктен үміткер Сәдібек Түгелге сәттілік тіледі. Іс-шара киелі жерлерге автошерумен жалғасты.

– «Түркістан – екі дүние есігі, Түркістан – Ер Түріктің бесігі" деген сөз текке айтылмаған. Бұл қалаға зия­рат етуге келушілер күн санап артып жатыр. Бұл туризмнің дамуына ықпал етеді. Туристерге ұлттық құндылық­та­рымызды тиімді насихаттай алсақ, онда түркі жұртының бесігіне балаған Түркістанымызға дүйім жұрт ағылады. Былтыр Түркістанның атауы облысқа беріліп, орталығы Түркістан қаласы болып бекітілді. Біздің кандидат Сәдібек Түгел бұл шешімді ұлт құн­дылығын құрметтеуге жасалған қадам деп бағалады, – дейді сенімді өкіл Исабек Бекзат.


Айдана БЕГІМ