Сайлау алдындағы семинар

Газет мақаласы Айқын газеті №84

«Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан  Қазақстан президентіне сайлауға түсіп жатқан Әміржан Қосанов Павлодар облысына қарасты Ақсу қаласының тұрғындарымен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы терең талқыланды. Үміткер түрлі өзекті қоғамдық мәселелерге қатысты өз ұстанымын жеткізіді.

Сайлау алдындағы семинар

Жұртшылық өздерін толғандырған сауалдарын қойып, өңірлік үгіт-насихат жұмысы жөнінде баяндап берді.

Алматыдағы Ұлттық кітапханада үміт­кер Әміржан Қосановтың қалалық сай­лауалды штабының мүшелері және сенімді өкіл­дерінен құралған үгіт-насихат тобы мә­дениет қызметкерлерімен кездесті. Кез­десудің модераторы қалалық штаб бастығы Мақсат Жақау болды.

Штаб мүшелері кандидаттың сайлауал­ды платформасын таныстырып, канди­даттың түрлі мәселеге көзқарасы жайлы баяндады.

Сондай-ақ олар қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Белсенділік танытқан шараға қатысушылар түрлі мәселе бойынша өз пікірлерімен бөлісіп отырды.

Ә.Қосанов­тың облыстық сайлауалды штабында сай­лау күні учаскелерде дауыс беру проце­сін қадағалай­тын ба­қы­лау­шылар үшін семинар өткізілді. Сая­сат­танушы Дос Көшім тренинг аясында бақылаушылардың құқықтары мен мін­деттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайлардағы әрекеттері жайлы түсіндірді.

Сонымен қатар штаб мүшелері тұр­ғын­дармен кездесіп, кандидат туралы баяндап берді, сайлау платформасын түсіндіріп, үгіт-насихат материалдарын таратты.


Айдана БЕГІМ