Керекудегі кездесу

Газет мақаласы Айқын газеті №85

Қазақстан президентіне үміткер Әміржан Қосанов Павлодар облыстық сайлауалды штабының белсенділерімен және жергілікті тұрғындармен кездесті. Іс-шарада кандидаттың сайлауалды платформасы кеңірек талқыланып, түрлі өзекті қоғамдық мәселеге қатысты ұстанымын жеткізді.

Керекудегі кездесу

Сайлаушылар өздерін толғандырған мәселелерді көтерді, кандидатқа сұрақ қойды. Кандидат Әміржан Қосанов Пав­лодардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары­ның ескерткішіне гүл қою рәсіміне қатысты. Ол осы оқиғалардың тарихи мәнін, мем­лекеттілік пен ел болашағы үшін опат болған ата-бабамызды еске алудың рухани маңызын сипаттап, сөз сөйледі.

Кандидат әлеуметтік желілерде тікелей эфирге шықты. Инстаграм, Фейсбук, Ютуб желілерінде онлайн режимде өзін бақылап отырған қолданушылардың саяси-әлеу­меттік сауалдарына жауап беріп, олардың нұсқаған мәселелеріне тоқталды.

Қарағанды облысының орталығында және аудандарында, үміткердің   сайлауалды штабтарында сайлау күні учаскелерде дауыс беру процесін қадағалайтын бақылаушылар үшін семинар жалғасын тапты. Дос Көшім бақылаушылардың құқықтары мен мін­деттері, сайлау кезінде орын алуы ықтимал түрлі жағдайдағы әрекеттері жайлы тү­сіндірді. Қатысушылар қызығушылық танытқан тақырыптарын көтерді.

Мұндай семинар Қостанай қаласында да өтті. Іс-шараның модераторы және тренері Дос Көшім бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері, сайлау кезінде болуы ық­тимал түрлі жағдайдағы әрекеттері жайлы түсіндірді.


Айдана БЕГІМ