«Отандастар қорының» жұмысы талқыланды

Газет мақаласы Айқын газеті №86

Елбасы шеттегі және елге көшіп келетін ағайынды қолдау үшін «Отандастар қоры» мен «Дүниежүзі қазақтары қауымдастығына» бірлесіп, отандастарға жан-жақты қолдау және көмек берудің іс-шараларын анықтап берді. Осы шара­ларды атқару мақсатында «Отандастар қоры» КЕАҚ өкілдері  жанынан құрылған қоғамдық комиссияның алғашқы отырысы өтті.

«Отандастар қорының» жұмысы талқыланды

Комиссияның негізгі міндеті – мемлекеттік диаспоралық сая­сат­ты қалыптастыруда және отан­дас­тарға қолдау көрсетуде атқары­ла­тын шаралардың жүзеге асы­рылуы­на жан-жақты ықпал ету. Ал шет­тегі қандастарымызға байла­ныс­ты мемлекеттік саясаттың бас­ты бағыттары – шеттегі қандас­тары­мызды жан-жақты қолдау, Қа­зақстанға көшіп келген ағайын­дардың бейімделуіне көмек беру, мемлекеттік диаспоралық саясатты бағдарламалық және заңнамалық құжаттармен қамтамасыз ету.

Қоғамдық комиссия отырысын «Отандастар қорының» президенті Нұртай Әбіқаев кіріспе сөзімен аш­ты.

– Қоғамдық комиссия жұ­мы­сын бүкіл әлем қазақтарын тарихи және этникалық Отаны төңірегінде біріктіру идеологиясын негізге ала отырып, қазақ диаспорасына қа­тысты мемлекеттік саясатты қа­лып­тастыруға бағыттайтынына се­німдімін. Алдымызда үлкен мін­деттер тұр. Баршаңызды оларды шешу жолында бірлесіп қызмет ат­қаруға шақырамын, – деді ол.

Басқосуда «Отандастар қоры­ның» негізгі қызметі мен жобалары, сондай-ақ комиссияның ұйымдас­тырушылық шаралары талқылан­ды. Комиссия құрамының мүше­лері Түркітану және Алтай ғылы­ми-зерттеу орталығының дирек­торы С.Қаржаубай, Парламент Сенатының депутаты М.Бақтияр­ұлы, Мәжіліс депутаты Б.Ма­мы­раев, Қазақстан заңгерлері одағы­ның төрағасы С.Ақылбай, Қазақ­стан Жазушылар одағының төра­ғасы Ұ.Есдәулет, «Қазақстан ба­ры­сы» қазақ күресін дамыту қорының қамқоршылар кеңесінің төрағасы А.Шораев, Орталық сайлау ко­мис­сиясының төрағасы Қ.Тұрған­құлов, «Егемен Қазақстан» респуб­ли­калық газеті АҚ басқарма төра­ғасы Д.Қыдырәлі және басқа да қоғам белсенділері қоғамдық ко­миссияның төрағалығына ұсыныл­ған Парламент Сенатының депута­ты Мұрат Бақтиярұлын бірауыздан қолдады.

Жиында «Отандастар қоры» пре­зидентінің кеңесшісі Мағауия Сар­басов қор қызметінің негізгі ба­ғыттары туралы айтты. Ол сон­дай-ақ қордың келешектегі мақсат-міндеттерін таныстырып, ұйым қыз­метінің жалпы ұстанымы мен жоба-жоспарларына қысқаша тоқ­талды.

Отырысқа қатысушылар қор­дың негізгі міндеттеріне қатысты өздерінің ұсыныс-пікірлерін біл­діріп, алдағы жұмысына сәттілік ті­леді. Шара соңында қоғамдық ко­миссияның 2019 жылға арналған жұ­мыс жоспары мақұлданды.