Мәдениет мәселесін көтерді

Газет мақаласы Айқын газеті №86

Қызылорда қаласындағы Қорқыт ата атындағы Студенттер сарайында ҚР президенттігіне үміткер Дания Еспаеваның республикалық штабы мен «Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалы үгіт-насихат шаралары аясында жиын өткізді.

Мәдениет мәселесін көтерді

«Қазақстан халқының рухани-мәдени саласын дамыту» тақырыбын­дағы дөңгелек үстелге «Ақ жол» пар­тиясы төрағасының орынбасары, ақын, «Қазақ үні» газеті президенті Қазыбек Иса мен партия төрағасы орынбасары Д.Васильев қатысып, сөз сөйледі. Ашық пікір алаңы ретінде өткен жиынға үміткер Д. Еспаеваның аймақтық штабы мүшелері, БАҚ өкілдері, Қызылорда облысының «Рухани жаңғыру орталығы» жетекшісі, Қорқыт ата атындағы ҚМУ тарихшы­лары мен оқытушылары өз баяндамала­рын жасап, ой-пікірлерін білдірді.

Дөңгелек үстелде «Руxани жаңғы­ру» аясындағы «Ақ жол» партиясының атқарған істері, ұлттық мүддеміздің қорғалуы, мемлекеттік тілдің дамуы, мәдениетіміздің мәйекті мәселелері қозғалды. Білім саласындағы қорда­ланған мәселелер де өткір айтылды.

Әсіресе, мұғалімдер қауымы бас­тауыш сыныптарда жаңартылған бағ­дар­­ламаның жалаң қылышы қазақ әдебиеті сабағының бір сағатын қиып кеткеніне қынжылыс білдірді.

Қазыбек Иса бастауыш сы­нып­тардағы жаңартылған бағдарлама кесірінен бұрын аптасына төрт рет өтіп келген «Әдебиеттік оқу» сабағының қазір үш ретке түсіп қалған мәселесі партия фракциясында қаралатынын мәлімдеді.

Жиынға Қазақстандағы прези­денттік сайлауды xалықаралық бақы­лау­шылар тобы да қатысты.


Айдана БЕГІМ