Сайлау: Алғашқы экзит-пол нәтижесі жарияланды

Сайлаушылардың мемлекеттік маңызды шараға қатысу көрсеткіші 77,4 пайызды құрапты

Сайлау: Алғашқы экзит-пол нәтижесі жарияланды

Еліміздегі сайлаудың алғашқы экзит-пол нәтижесі жарияланды. Оның қорытындысы бойынша қазіргі президент Қасым-Жомарт Тоқаев жеңіске жеткен.

Орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша, «Қоғамдық пікір» институты жүргізген сауалнамаға сәйкес Қасым-Жомарт Тоқаев сайлаушылардың 70,13 пайызын дауысын иеленген.

Өзге кандидаттардың көрсеткіштері мынадай:

Жамбыл Ахметбеков – 3,86 пайыз.

Дания Еспаева – 5,32 пайыз.

Әміржан Қосанов – 15,39 пайыз.

Төлеутай Рахымбеков – 3,03 пайыз.

Амангелді Таспихов – 1,41 пайыз.

Сәдібек Түгел – 0,86 пайыз.

Ал жалпы, сайлаушылардың мемлекеттік маңызды шараға қатысу көрсеткіші 77,4 пайызды құрапты.